Сейсенбі, 17 Қыркүйек 2024
Билік 1508 1 пікір 20 Маусым, 2024 сағат 18:58

Масс -медиа туралы жаңа заң: Ерекшеліктері қандай?

Сурет Айгүл Қапбарованың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Мемлекет басшысы қазір ғана "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Масс -медиа туралы жаңа заң еліміздің медиа кеңістігінің дамуына оң әсерін тигізеді деп сенемін.

Заңның негізгі ерекшеліктері қандай?

Журналистердің құқықтарын қорғау бойынша қоғамдық және кәсіби кеңестер құру.

Бұл кеңес журналистердің мүддесін толық жеткізе алатын, қорғай алатын институт болуы тиіс.

Бүгінгі күні кәсіби журналистика желідегі зорлық-зомбылық білдіретін сөздер мен киберқылмыс, жалған ақпарат пен өшпенділік сөздерінің таралуының артуы сияқты алаңдаушылық туғызатын бірқатар мәселелер бар.

Журналистердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тәуелсіз қауымдастықтың құрылуы туындаған проблемаларды жедел шешуге мүмкіндік береді.

Төтенше жағдайларда журналистердің құқықтарын қорғау.

Төтенше жағдайларда өз міндеттерін атқару кезінде журналистер өміріне үлкен қауіп төнуі мүмкін. Дегенмен, журналистер жұмыс істейтін БАҚ-тың барлығы өз қызметкерлерін қауіпсіздік техникасымен қамтамасыз ете бермейді. Оған себеп – БАҚ басшылығының жауапкершілікке салғырт қарауы. Сонымен қатар, журналист еңбегінің арқасында БАҚ өзекті ақпарат алып, БАҚ-тың жоғары рейтингке ие болуына мүмкіндік береді.

Бұдан былай БАҚ жаңа заңға сәйкес өз қызметкерлерін әлемдік жетекші БАҚ тәжірибесіне сай қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті.

Журналистік этика.

Жақында қазақстандық БАҚ-қа қатысты аты шулы оқиғалар біркелкі этикалық нормалардың жоқтығына байланысты күрделі проблеманы көрсеткені рас. Дегенмен, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдарға сыни көзқараспен қарауға көмектесетін нақты этикалық мақсаттар мен қағидалар қажеттігі аз айтылып жүрген жоқ.

Цифрландырудың өсу қарқыны кезеңінде журналистер сенімді және тексерілген ақпарат институты ретінде өзінің беделін қайта қорғауға мәжбүр. Журналистердің қызметі қоғамдағы салауатты атмосфераны дамытуға және қауіпсіз ақпараттық кеңістікті қалыптастырудың кепілі.

Қазақстандық БАҚ-қа қаржылық қолдау көрсету.

Бүгінгі таңда әртүрлі жеке мақсаттары бар медиа нарығына орасан зор инвестиция тартылды. Соңғы жылдары отандық сарапшылар қазақстандық медиа кеңістікті қорғау қажет деген мәселені көтеріп жүр. Бұл мақсатқа жетудің бір жолы – жергілікті өндіріс компанияларына қолдау көрсету.

Бұл қолдау отандық БАҚ-қа сапалы ақпараттық өнім шығаруға мүмкіндік береді. Қазақстандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. БАҚ субъектілерінің гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуы оларға фильмдер, телехикаялар, баспа және онлайн өнімдерді шығаруға қажетті қаражатты алуға мүмкіндік береді. Жалпы, бұл шара қазақстандық медиа кеңістігінің отандық контентпен толтырылуын ынталандырады.

Уәкiлеттi органның бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамның моральдық дамуына зиян келтiруiне және жалпыадамзаттық, ұлттық, мәдени және отбасылық құндылықтардың бұзылуына мониторинг жасау құзыретiн қосу.

Соңғы кездері мәдени және отбасылық құндылықтарды жоюға бағытталған ақпараттық материалдардың таралуы көбейіп кетті. Көптеген статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жасөспірімдер теріс және деструктивті хабарламалар тарататын топтарға тартылуы мүмкін. Сол себепті заңға бұл норманың енгізілуі халық сұранысынан туындады.

Мемлекеттік ақпараттық саясат жөніндегі республикалық комиссияның құрамына бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін тарту.

Мемлекеттік және мемлекеттік емес БАҚ ұғымдарын ажырату.

Мемлекеттік емес БАҚ тарда бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында ақпараттық күн тәртібін қалыптастыруда басты рөл атқарады. Бұл осы мәселеге демократиялық көзқарастың арқасында мүмкін болды. Соған қарамастан, мемлекеттік емес БАҚ-қа әлеуметтік маңызы бар салаларды қамту және өзіндік контентін дамыту үшін қолдау шаралары қарастырылған.

Заң жобасы аясында мемлекеттік және мемлекеттік емес БАҚ-ты бөлу қоғамдық ұйымдар мен БАҚ сарапшыларының ұсыныстары негізінде қарастырылды.

БАҚ-ты мемлекеттік қаржыландыру мәселесі бойынша ашықтық.

Заң жобасында қазірдің өзінде БАҚ саясатының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған гранттық қаржыландыру тетігі қарастырылған.

Гранттық қаржыландыруға көшуді 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асыру ұсынылады. Өз кезегінде, өңірлік деңгейде мемлекеттік қолдау қолданыстағы тетіктер аясында сақталады.

Аккредиттеу картасы.

Қазіргі таңда журналистер түрлі іс-шараларға қол жеткізу үшін мемлекеттік органдарға жүйелі түрде өтініштер мен құжаттарды тапсырып отыруы керек. Алайда, кейде бұл процесс ұзақ және бюрократиялық болып кетеді. Аккредиттеу картасы цифрлық платформа арқылы беріледі деп жоспарлануда. Бұл алаңда мемлекеттік органдар мен олардың іс-шаралары өтеді, журналистер бір-екі минут ішінде өтініш бере алады. Бұл журналистердің ақпарат көздеріне қолжетімділігін жеңілдетеді.

Айгүл Қапбарова

Abai.kz

1 пікір