Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3648 0 пікір 28 Желтоқсан, 2013 сағат 14:57

Түркиені түлен түртті ме, Гүлен түртті ме?

Анадолы жұртындағы аласапыран Үкіметке қарсы халық шеруінен басталғаны белгілі. Тәртіп сақшылары наразы халықты тоқтату үшін суатқыш, резеңке оқ және жасауратқыш газ қолдануда. Жалпы Түркиедегі саяси әм әлеуметтік тұрақсыздықтың басталғанына бірнеше жыл болды. Оған басты себеп – Премеьер-министр Тайып Ердоған мен Президент Аболла Гүл арасындағы тартыстан басталған еді. Аталған елде бірінші тұлға – Премьер-министр болып табылады. Премьер-министр Ердоған елде саяси реформа жасауға талпынып Парламент арқылы мемлекетті Президенттік басқаруға көшірмек. Нәтижесінде Парламенттегі жақтастары арқылы Абдолла Гүлдің қолындағы шартты билікті нақты билікке айналдырмақ. Бізге толассыз жетіп жатқан ақпараттардың жалпы мәліметі осындай. Алайда, мына бір жайттың Түркиедегі толқуларға себеп болғаны шет-пұшпақтап айқындала түсуде. Этникалық түрік, кейбір дерек көздеріне қарағанда АҚШ азаматы, - Гүлен дейтін кісі Ислам дініне қатысты жаңа бағыт ұстанып, жаңаша ағым бастаған-дүр. Гүлен ілімі қазір Түркі дүниесінде гулеп тұр. Барлық мұсылман жұртында оның ілімі мүмкіндігінше уағыздалып, «мүриттері» мүлтіксіз қызмет етуде. Сол гулеп тұрған Гүленге Ердоған тарапынан қандайда бір қайшылықты көзқарас байқалған. Сол-сол-ақ екен, Ердоғанның былық-шылығы жаппай жария көрген. Ақыры, міне, осындай дүрбелеңге ұласқан.

Анадолы жұртындағы аласапыран Үкіметке қарсы халық шеруінен басталғаны белгілі. Тәртіп сақшылары наразы халықты тоқтату үшін суатқыш, резеңке оқ және жасауратқыш газ қолдануда. Жалпы Түркиедегі саяси әм әлеуметтік тұрақсыздықтың басталғанына бірнеше жыл болды. Оған басты себеп – Премеьер-министр Тайып Ердоған мен Президент Аболла Гүл арасындағы тартыстан басталған еді. Аталған елде бірінші тұлға – Премьер-министр болып табылады. Премьер-министр Ердоған елде саяси реформа жасауға талпынып Парламент арқылы мемлекетті Президенттік басқаруға көшірмек. Нәтижесінде Парламенттегі жақтастары арқылы Абдолла Гүлдің қолындағы шартты билікті нақты билікке айналдырмақ. Бізге толассыз жетіп жатқан ақпараттардың жалпы мәліметі осындай. Алайда, мына бір жайттың Түркиедегі толқуларға себеп болғаны шет-пұшпақтап айқындала түсуде. Этникалық түрік, кейбір дерек көздеріне қарағанда АҚШ азаматы, - Гүлен дейтін кісі Ислам дініне қатысты жаңа бағыт ұстанып, жаңаша ағым бастаған-дүр. Гүлен ілімі қазір Түркі дүниесінде гулеп тұр. Барлық мұсылман жұртында оның ілімі мүмкіндігінше уағыздалып, «мүриттері» мүлтіксіз қызмет етуде. Сол гулеп тұрған Гүленге Ердоған тарапынан қандайда бір қайшылықты көзқарас байқалған. Сол-сол-ақ екен, Ердоғанның былық-шылығы жаппай жария көрген. Ақыры, міне, осындай дүрбелеңге ұласқан. Анадолы жұртындағы оқиғаларға байланысты Abai.kz ақапараттық порталы алдағы уақытта өз тарапынан тәуелсіз талдау жасайтын болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5375