Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
2539 0 пікір 25 Маусым, 2024 сағат 15:29

Қазақстан колледждеріне құжат қабылдау басталды

Сурет: 26kadr.ru

Оқу-ағарту министрлігі бүгін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжат қабылдау басталғанын хабарлады.

Абитуриенттер колледжде оқуға екі тәсілмен: 25 маусымнан бастап қағаз және 1 шілдеден бастап eGov.kz порталы арқылы электрон түрде өтінім бере алады.

9-сынып бітірушілер үшін құжат қабылдау мерзімі 25 маусымнан 18 тамызға дейін, ал 11 сынып бітірушілер үшін 25 маусымнан 20 тамызға дейін жалғасады:

  • шығармашылық мамандықтар бойынша – 25 маусымнан 20 шілдеге дейін,
  • педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша – 25 маусымнан 15 тамызға дейін.

"Орта буын мамандықтары мен қолданбалы бакалаврға түсушілер оқуға аттестаттың орташа балы негізінде қабылданады. Бағалап бөлу міндетті және бейіндік пәндердің орташа конкурстық балы негізінде автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Жұмысшы мамандығына түсетін түлектер әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады", – делінген хабарламада.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 974
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2490
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 677
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 651