Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
2919 2 пікір 27 Маусым, 2024 сағат 16:39

Президент: Қоғам тарапынан да айыпталуға тиіс

БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішіндегі және шетелдегі вандализм деректері туралы айтты.

Мемлекет басшысы елімізді түбегейлі жаңғырту үшін заңнамалық өзгерістермен, кадрлық шешімдермен, саяси және экономикалық реформалармен ғана шектелу аздық ететінін ұдайы айтып жүргенін жеткізді.

Оның айтуынша, біз прогрессивті ұлт ретінде қоғамдық және жеке құндылықтар жүйесін жаңарту үшін көп тер төгуіміз керек.

"Бүгінде отандық журналистика мықты қоғамдық институтқа, нағыз төртінші билікке айналды. Бұл саланың осынау маңызды іске қосар үлесі зор. Журналистердің алдында тұрған міндеттердің ауқымы – өте кең. Елімізде "Таза Қазақстан" акциясын қолдаған шын мәніндегі халықтық қозғалыс өріс алды. Бұл кездейсоқ емес. Өкінішке қарай, табиғат аясындағы демалыс орындарында және елді мекендердің айналасында үйіліп жатқан қоқысты күн сайын көреміз. Бұл – жауапсыз адамдардың ісі. Қоғамдық орындарда қарапайым тазалық ережелері сақталмайды. Бұдан адамның тәрбиесіздігі ғана көрінбейді, сонымен қатар ол бүкіл еліміздің дамуын тежейді. Сондықтан да мен әрдайым осы мәселеге назар аударамын", – деді президент.

Сурет: aqorda.kz

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 975
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2495
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 678
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 651