Сенбі, 23 Қараша 2024
1737 1 пікір 4 Шілде, 2024 сағат 15:03

ШЫҰ әлем бойынша 900 журналист хабар таратып жатыр

ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша Астанадағы өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде 900 журналист хабар таратып жатыр.

"Шетелдік БАҚ-тың 700 өкілі және қазақстандық БАҚ-тың 200 өкілі бар", – делінген хабарламада.

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтіп жатыр. Саммит барысында журналистердің жұмысы үшін бірінші және екінші қабаттан үш зал бөлінді. 

ШЫҰ-ны 2001 жылы алты мемлекет: Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрды. Кейінірек одаққа Иран, Үндістан және Пәкістан қосылды. Бүгін, 4 шілдеде Астанада өтіп жатқан ШЫҰ саммитінде Беларусь ұйымға ресми түрде қосылды.

Сурет: Ақорда

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373