Сенбі, 23 Қараша 2024
1009 0 пікір 9 Шілде, 2024 сағат 12:56

Жаңатасты су басты

Толассыз жауынның салдарынан оңтүстікті су басып жатыр. Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша Жаңатас қаласында су астында қалған үйлер саны 47-ге жетті, тағы 1 әлеуметтік нысан және 400 аула аумағын су алған.

Төтенше жағдайлар департаменті аудандық маңызы бар Жанатас-Саудакент автожолды су алуына орай жол жабылған.

“Су айдау және жол төсемінің топырағын арнайы техникамен көтеру жұмысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ халыққа көмек көрсету бойынша жұмыс істеліп жатыр. Ол үшін жергілікті атқарушы органдар мен Төтенше жағдайлар және полиция департаменттерден 231 адам, 53 бірлік техника, 24 мотопомпа мен дрон жұмылдырылды”, – делінген хабарламада.

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

“Зардап шеккен халықты қабылдау үшін М.Әуезов мектебінде 45 орын және орталық ауруханада 60 орын дайындалды”, – деп қосты ТЖД өкілдері.

Қазіргі таңда шығынды зерделеу бойынша жұмыс тобы құрылған. Барлығы 18 600 м3 су сорылып, жалпы 128 аула мен 47 үйдің іші судан тазартылды. 

“Жаңатас қаласындағы екі елді мекен (Малоэтажка, Дегерес) жарыққа қосылды. Тек Д.Қонаев орта мектебінде судан тазарту жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жарық әлі берілмеді. 8 шілде, таңертең ұшқызсыз ұшу аппаратының көмегімен су деңгейінің едәуір төмендегені анықталды. Адам, мал шығыны жоқ. Зардап шеккен тұрғындар үшін 105 орындық екі қабылдау пункті дайындалып, оған 12 адам орналыстырылды. Қазір олар өз еріктерімен үйлеріне қайтарылды”, – делінген хабарламада.

"Жаңатас–Саудакент" тасжолы ашық. Төтенше жағдайдың салдарын жоюға азаматтық қорғау қызметтерінен 282 адам, 64 техника, 35 мотопомпа және 1 ұшқызсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377