Дүйсенбі, 16 Қыркүйек 2024
Билік 1450 2 пікір 9 Шілде, 2024 сағат 17:13

Қазақстанда Ұлттық кітап күні белгіленді

🗓️23 сәуір - Ұлттық кітап күні

📌Үкімет Қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» бекітілді.

Аталмыш мереке Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленді.

«Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз», – деді Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде.

🗓️Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Сурет: kazgazeta.kz

Abai.kz

2 пікір