Биыл атаулы көмекке бюджеттен 60,5 миллиард теңге бөлінді
Биыл бюджеттен 60,5 миллиард теңге қарастырылып, 350 мыңнан астам адамға әлеуметтік көмек көрсетілу жоспарланып отыр.
1 шілдеде 67,1 мың отбасындағы 355,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.
Атаулы әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
Атаулы әлеуметтік көмек мыналарды көздейді:
- табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2024 жылғы 1 маусымда АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 108,2 мың балаға 2,5 миллиард теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және өзге де шаралар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Abai.kz