Жексенбі, 8 Қыркүйек 2024
Париж-2024: 904 0 пікір 18 Шілде, 2024 сағат 18:03

Қазақстан қай спорт түрлері бойынша бақ сынайды?

Суреттер: olympic.kz

Франция астанасы Парижде 26 шілде күні XXXIII жазғы Олимпиада ойындары басталады, деп хабарлайды Abai.kz.

Еліміздің спортшылары 25 спорт түрінен 80 жолдама жеңіп алған.
Жекелеген спорт түрлері бойынша боксшылар ең көп жолдама иеленген. Ерлер құрамасы Олимпиадаға толық құрамда (7 боксшы), ал әйелдер құрамасынан 3 боксшы, жалпы 10 боксшы жұдырықтасады.

Қазақстанның татами шеберлері де Францияда бақ сынап көреді. Онда ерлер 5 салмақ бойынша, ал әйелдер 3 салмақта ел намысын қорғамақ. Үшінші орында жеңіл атлеттеріміз (7 спортшы) тұр.

Өкінішке қарай, биылғы Париж Олимпиадасына ауыр атлетеріміз бен әйелдер күресінен бірде-бір спортшымыз жолдамаға қол жеткізе алмады.

Олимпиадаға мына спортшыларымыз сақадай сай:

Грек-Рим күресі: Нұрсұлтан Тұрсынов, Айдос Сұлтанғали, Демеу Жадыраев, Әлімхан Сыздықов.

Еркін күрес: Азамат Дәулетбеков, Әлішер Ерғали, Юсуп Батырмурзаев, Мейрамбек Қартбай.

Дзюдо (ерлер): Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев, Данияр Шамшаев, Абылайхан Жұбаназар, Нұрлыған Шархан.

Дзюдо (әйелдер): Абиба Әбужақынова, Камила Берліқаш, Эсмигүл Куюлова.

Жеңіл атлетика: Жанна Мамажанова, Нора Джеруто, Дейзи Джепкемей, Надежла Дубовицская, Елизавета Матвеева, Давид Ефремов, Ольга Софронова.

Үстел теннисі: Кирилл Герасименко.

Жүзу: Әділбек Мусин, Ксения Игнатова.

Қазіргі бессайыс: Елена Потапенко, Георгий Борода-Дудочкин.

Триатлон: Екатерина Шабалина.

Семсерлесу: Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Айгерім Сарыбай.

Көркем гимнастика: Эльжана Танкиева.

Академиялық есу: Владислав Яковлев.

Батуттық гимнастика: Данил Мусабаев.

Бокс (ерлер): Қамшыбек Қоңқабаев, Айбек Оралбай, Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай, Мұхамедсабыр Базарбайұлы.

Бокс (әйелдер): Карина Ибрагимова, Валентина Хальзова, Назым Қызайбай.

Брейкинг: Әмір Закиров.

Байдарка мен Каноэде есу: Сергей Емельянов, Тимур Хайдаров, Мария Бровкова, Руфина Искакова, Сергей Токарницкий, Бекарыс Рахматулла.

Тасжолдағы Велоспорт: Алексей Луценко, Евгений Феодоров.

Тректегі велоспорт: Андрей Чугай.

Нысана көздеу: Ислам Сәтбаев, Арина Алтухова, Константин Малиновский, Александра Ле, Никита Чирюкин, Ирина Юнусметова.

Спорттық құзға өрмелеу: Әмір Маймұратов.

Спорттық гимнастика: Милад Карими, Нариман Курбанов.

Стенд ату: Мария Дмитриенко, Эдуард Ещенко, Әсем Орынбай.

Садақ ату: Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Александр Еременко.

Таеквандо: Батырхан Төлеуғали, Самирхон Абабакиров.

Теннис: Елена Рыбакина, Александр Бублик, Юлия Путинцева, Александр Шевченко, Александр Недовесов.

Abai.kz

0 пікір