Алматыда автобуспен қатынау бағасы 120 теңгеге өсті
Енді Алматыда автобуспен қатынау ақысы 120 теңгеге қымбаттады. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.
Алматы мәслихаты қоғамдық көлікте жол жүрудің жаңа тарифін мақұлдады.
Естеріңізде болса былтыр ғана тамыз айында жол ақысы 80 теңгеден 100 теңгеге көтерілген болатын.
Қазіргі таңда күніге Алматыда шамамен 2,3 мың автобус пен 184 троллейбус жүреді. Қоғамдық көлікпен қатынайтын жолаушылар саны күніне 1,5 миллион адамнан асты.
Соған қарамастан жол ақысын төлеуден түсетін күнделікті түсім автобустарды жөндеу, қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарын сатып алу сияқты тасымалдаушылардың барлық шығынын өтемейді.
Сурет: bes.media
Abai.kz