Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Абай.tv 6167 3 пікір 19 Шілде, 2024 сағат 17:28

Ермұрат Бапи: Неге заң орыс тілінде жазылады?

Сурет: видео скрині

«Qazaq AIRAN» арнасы: «Біздің қоғам – қайыршы, жалаңаш. Назарбаев жауапқа тартылу керек», - деген тақырыппен депутат Ермұрат Бапиден бір сағаттық сұхбат алған еді.

Соның ішінде журналистің: «Заң шығарушы орган жақында шыққан, қабылданатын Заңдардың 99,9 пайызы орысша» деп Жоғарғы Соттан айтты. Бұған не дейсіз? Алдарыңызға келетін құжаттар қандай өзі?» деген сауалына Ермұрат Бапи төмендегінше жауап берді:

– Негізі бізге Заң екі тілде келеді. Ең бастысы қазіргі Парламент – қазақ тілді Парламент. Қазір Паламенттің талқалаулары, отырыстар, жұмыс топтары 90 пайыз қазақ тілінде жүреді. Иә, келіп жатқан Заң жобалары иә ол осы тұрғыда орысшадан қазақшаға аударылып келеді. Осындай, аударылып келетіні көп.

Тіл мәселесінде мынау елде бәленбай жыл қалыптасқан орыс тілі Парламенте үлкен өзгеріске ұшырады қазір. Бәрі қазақша жүреді. Бұл өз алдына, қазір Парламентің өз ішінде Заң жобаларын қазақша дайындау мәселелері басталды. Мәселен, қазір Абзал Құспан бастаған депутаттар тобы Заңды қазақша дайындауға тырысты.

Сондықтан, бұл да енді бір дегеннен жүріп кететін мәселе емес. Егер атқарушы биліктің 70-80 пайызы орысша ойлап, орысша сөйлеп жүретін болса, оның бәрін өзгерте салу мүмкін емес қой, енді. Сондықтан, мен ойлаймын, осы шақырылымның аяғына дейін біраз жетістіктерге жетеміз, -дейді Ермұрат Бапи.

Сұхбаттың толық нұсқасын төмендіге сілтемеден көре аласыздар:

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052