Орал қаласының әкімі қызметінен кетті
Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов денсаулығына байланысты қызметтен кетті. Бұл туралы ол өзінің жеке парақшасында жариялады.
"Уральская неделя" басылымы Сатқановтың жыл басынан бері инсульт алғанын жазып келді. Сәуірдің аяғынан бері оның міндетін 31 жастағы орынбасары Азамат Халелов атқарған.
"Денсаулығым сыр беріп, қызметтен бұдан бұрын кетуді ойлап жүргенмін. Алайда көктемде қаламызда су тасқыны болып, мұндай қиын кезеңде жұмыстан шыға алмадым. Осылайша өз міндеттерімді әріптестеріммен бірге жалғастыра бердім" деп жазды ол желіде.
47 жастағы Миржан Сатқанов Орал әкімдігін 2022 жылғы сәуірден бастап басқарды.
Сурет: gov.kz
Abai.kz