Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Алашорда 3383 1 пікір 31 Шілде, 2024 сағат 14:31

Жапаров Қырғыз арыстарын ұлықтады. Біз ше?

Коллаж: Abai.kz

ЖАПАРОВ: ОЛАР ҚЫРҒЫЗ МЕМЛЕКЕТІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫЛАР!

Қырғыз президенті Жапаров Жарлық шығарып, «Қырғыз мемлекетінің негізін қалаушылардың тізімін бекітіпті. Бұл тізімге Қырғыздың 5 тұлғасы енгізілген.

Олар:

* Алғашқы Қырғыз әліппесінің авторы, Қырғыз тіліндегі алғашқы гәзет – «Еркін Таудың» редакторы, «Манас» жырын жинақтаушы топтың жетекшісі болған Ишенәлі Арабаев (1882-1933 жж.);

* 1924-1925 жылдары Қара-Қырғыз революциялық комитетінің бастығы, 1927-1929 жылдары Қырғыз АССР Бас Сотыболған Иманәлі Айдарбеков (1884-1938 жж.);

* 1916 жылы Патша армиясына шақыруға қарсы Орта Азия көтерілісіне қатысқан, 1927-1937 жылдары Қырғыз АССР Орталық атқарушы комитетінің президиум төрағасы болған Әбдіқадыр Оразбеков (1889-1938 жж.);

* Қырғыз тарихы мен шежіресі туралы еңбектердің авторы, 1916 жылы Орта Азия көтерілісшілерін басуға көмектескені үшін 3-ші дәрежелі Әулие Станислав орденімен марапатталған, Қырғыз автономды мемлекетін құру туралы идеяның авторы болған, 1922 жылы желтоқсанда КСРО құрған Кеңестердің құрылтай съезінде Қырғызстанның жалғыз делегаты атанған Әбдікерім Сыдықов (1889-1938 жж.);

*1920 жылдардың басында Әбдікерім Сыдықовпен, Есеналы Арабаев және басқалармен бірлесіп Түркістан республикасының құрамында Таулы облысын құру туралы ұсыныс жасаушы. 26 жасында Қырғыз АССР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы болған Жүсіп Әбдірахманов (1901-1938 жж.).

Жапаровтың Жарлығында: «XX ғасырда жаңа мемлекеттің құрылуы бастауында дәл осы адамдар тұрды. Олар Орталық Азияның өзге де халықтарымен тең өз мәдениеті, өз тілі мен тарихы бар Қырғыз халқы да өз мемлекетін құруға құқығы бар екенін дәлелді және сенімді түрде қорғап шықты», - делінген.

Жапаровтың бұл Жарлығы Қара-Қырғыз автономды облысының құрылғанына 100 жыл толуы қарсаңында шығып отыр.

«Қара-Қырғыз автономиялық облысының, кейін Қырғыз автономиялық Советтік Социалистік Республикасы мен Қырғыз Социалистік Советтік Республикасының құрылу тарихы Қырғызстанның болашақ тарихы үшін орасан зор маңызға ие болды. Ол сайып келгенде біздің егемен Қырғыз Республикасының іргетасына айналды», - делінген Жарлықта.

Президент Жапаров өз Жарлығымен «мемлекеттің негізін қалаушы аталарды» әрбір қырғыз азаматы құрметтеуге міндетті деп бекіткен.
Сондай-ақ, Үкіметке тапсырма беріп:

* Мектеп оқушылары мен студенттерді патриоттыққа тәрбиелеу үшін жоғарыдағы тұлғалардың өмірі мен еңбектері туралы деректерді зерреп, насихаттауды;

* «Мемлекеттің негізін қалаушы аталардың» жаңқын ұлықтау үшін халық арасында ақпараттық-пропогандалық жұмысты ұйымдастыруды;

* Осы тақырып бойынша ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыруды тапсырды.

Тарихи деректерде, бұл тізімге енгізілген «Мемлекеттің негізін қалаушы аталар» 1930 жылдары репрессияланған екен. Ишенәлі Арабаев сотқа жетпей, 1933 жылы түрмеде қайтыс болса, қалғандары 1938 жылы репрессияланған. Ал 1950 жылы бұл адамдар ақталған.

Бізге де Әлихан Бөкейханнан бастап түгел Алаш арыстарының есімдерін Жарлықпен бекітіп, нәсілі, діні, ұлты, жынысы, саяси көзқарасы т.б. қарамастан Қазақстанның әрбір адамына құрметтеуді міндеттеу керек!

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963