Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3794 0 пікір 24 Қаңтар, 2014 сағат 04:31

Астана опера театры: Коребейникова неге күшенеді?

Тәуелсіздігін жария еткеніне 22 жылдан асқан мемлекетімізде мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәселесі шешімін табуы былай тұрсын, қай салада болсын қысымға ұшырап, келемеж бен күлкінің, мазақ пен мысқылдың өзгені айналып бітті. Міне, жақын күндерден бері Елордадағы сәні мен салтанаты келіскен «Астана-Опера» театрында да сол баяғы басынан соры арылмаған қазақ тілінің тағдыры сөз болып жатыр. Бұл жолы мемлекетіміздің ең басты құндылығы – тіл жайына бір емес, бірнеше  елдің тіліндегі классикалық шығармаларды еркін орындайтын опера театрының әртістері амалсыз кіріскен сияқты. Төмендегі хатты оқыңыздар. Хатқа жиыны 33 қызметкер қол қойған.

«Астана-Опера» МТОБ АҚ

директоры

Т.М.Мұхамеджановқа

Қызметтік хат

Құрметті Төлеген Мұхамеджанұлы!

       Хор цехының ұжымы театрда болған оқиғаның мән-жайын анықтауыңызды сұрайды. 2014 жылғы 14 қаңтарда шамамен сағат 15.30-да хор әртісі Ербол Нариманұлы және хор жетекшісі Коробейникова Елена Геннадьевна арасында төмендегі жағдай орын алды.

       Хордың негізгі құрамы көзінше Коробейникова Е. Г. Е.Нариманұлын материалды айтуын өтінді, Ербол байыппен, дауысын көтермей дайын емеспін деп жауап берді.   Алайда Ербол қазақ тілінде жауап берді, өйткені ол орыс тілін түсінгенмен, орысша сөйлей алмайды.  Әртістердің бірі Ерболдың жауабын аударып берді: «Мен дайын емеспін...». Елена Геннадьевна екінші рет материалды айтуын сұрады. Ербол өз жауабын қайталап айтып еді,  хор жетекшісі:  «На русском говори!» деп дауысын көтеріп сөйледі.

Ербол болса: «Мен сөйлей алмаймын...» - деп айтты,  Елена Геннадьевна мысқылдап Ербол Нариманұлын жұмыс процесінен алып тастады. Ерболдың соңынан: «Менімен орысша сөйлесуден бас тартқаның үшін сенің үстінен арыз жазамын» - деді. Оның бұл іс-әрекеті барлық ұжымның жұмыс істеуге деген ниетін бұзды. Хор әртісі  Жаймағамбетов Аян Баянбайұлы хор жетекшісінен: «Сіз Ерболды қазақ тілінде сөйлегені үшін қуып жібердіңіз бе?» деп анықтап сұрады. Оның жауабы мынадай болды: «Театрдың арқасында сендер пәтер алдыңдар. Жақын арада гастрольдерге шығасыңдар, Италияға барған кезде қай тілде сөйлесесіңдер?» («Благодаря театру вы получили квартиры, сейчас начнутся гастроли, поедете вы в Италию, на каком языке вы будете разговаривать?»). Осы сөздермен ол әріптестерінің пәтер алғандарын бетке айтып, намыстарына тиді.  

      Басшылық өкілдері, атап айтсақ, бас хор жетекшісі Е.Б.Дәуітов және труппа меңгерушісі Б.К.Қожамбаев оқиға туралы хабардар болды, бірақ олардың тарапынан ешбір шара қолданбады (жиналыс өткізілмеді, әртістердің пікірлері тыңдалмады).

      Жоғарыда баяндалған жайтты негізге алып, хор әртістері өзіңіздің, хордың барлық әртістері және олардың жетекшілері, сондай-ақ Е.Г.Коробейникованың, театр заңгері мен басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен ашық жиналыс өткізіп, орын алған оқиғаның мән-жайын анықтауыңызды сұрайды.

      Е.Г. Коробейникованың тарапынан хор әртістеріне, нақтырақ айтсақ, қазақ тілінде сөйлейтін әріптестеріне шәлкес қарым қатынас жасауы алғашқы рет емес. Сондықтан, біз ұжым ретінде Е.Г.Коробейниковамен бірлесіп жұмыс істеуден бас тартанымызды жариялаймыз.

      Сізден шұғыл жиналыс жасап, басқа хор жетекшісін тағайындауды сұраймыз.

      Осы қызметтік хат қарастырылмаса және орындалмаған жағдайда, ұжым Е.Г.Коробейникованың жұмыстағы  әріптестеріне жасаған жағымсыз іс-әрекеттерін  мазмұндап, жоғарыда тұрған органдарға хат жазатынын ескертеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318