Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 1721 0 пікір 1 Тамыз, 2024 сағат 17:57

Маған Отаным - қазақстаным қымбат!

Сурет Бердалы Оспанның желідегі парақшасынан алынды

АЛ, КІМНІҢ ҚАНДАЙ ДІН ҰСТАНАТЫНЫНДА ЖҰМЫСЫМ ЖОҚ!

Соңғы кезде қазақ арасында бір сенімді жоғары қойып, басқа сенімдерді төмендетіп, тіпті былапыт сөз жазу, қарғау үдеп бара жатыр.

Бір жазбаны оқыдым. Онда өркениетті шетелдегі мұсылман спортсмендерді сеніміне бола ешкім бөлектеп "буллинг жасап жатқан жоқ" дейді жазбагер. Ал, Қазақстанда, спорстмендерді сеніміне бола сынап жатыр, бұл дұрыс емес деп жазыпты.

Бірақ, жазбагер Қазақстанда неге бұлай болып жатқанының себебін білуге талпыныс танытпайды.

Менімше шетелде тұратын мұсылмандар өздері тұратын елддерің салттарын жоққа шығарып жатқан жоқ. Ол елдің ұлттық музыкалық аспабын харам демейді. Өз тілдеріңде амандаспаңдар, арапша "асалаумағалейкум" деп амандасыңдар демейді. Сендердің - француз, неміс, ағылшын, италиян, испан ұлттарыңнан дін биік тұр демейді. Ата-аналарың дінге мойысұнбаса оларды сыйламаңдар демейді. Ислам дініне сенбейтіндерді "қалмақсыңдар, тәңіритсіңдер" демейді. Тіпті ол жақтың мұсылмандары "ағылшынның, немістің, француздың батыр бабалары Отан үшін емес ислам діні үшін соғысты" деп көпшілікке жар салмайды... тағысын тағылар.

Ал Қазақстанда бұндай "ақыл үйретулер" жиі-жиі айтылады. Меніңше қарсылық осындай кертартпалықтарға қарсылық ретінде көрсетіліп жатыр. Қарсы жақ та өзінше "сендер сатқынсыңдар, арапқұлсыңдар" деп т.б. жауап беруде.

Меніңше бір-бірімен сенім тақырыбы бойынша пікірталас жасап жатқандар Қазақстан Республикасының Ата Заңындағы барлық сенім тең деген ережені мықтап ұстануы тиіс. Олай болмаған күнде бұл жағдай одан ары ушыға берері сөзсіз.

Қазақстандағы барлық сенім, дін ұстанушылардың бәрін ұстамды болуға шақырамын.

Әрқайсыңыз өз сенім, діндеріңізбен болып басқа сенім мен діндерге араласпаңыздар.

Және де Қазақ ұлтының рухани құндылықтары болып табылатын Ата-Ананы сыйлау, байырғы заманнан қалыптасып Қазақты Ұлт етіп ұйыстырып отырған салттарымызға, музыкалық аспаптарымызға, ән-күйлерімізге қол тигізбеңіздер.

Сонау сақ заманынан бүгінге дейін осыншама кең даламызды білектің күшімен, найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен сақтап қалған бабаларымыздың ерлігін жоққа шығармаңыздар.

Осындай баға жетпес Ұлттық рухани құндылықтарымыз жоғалса Ұлтымыз да жоғалады. Ұлтымыз жоғалса Еліміздің Егемендігіне қауіп төнетінін бәріңізде түсінесіздер деп білемін.

Бердалы Оспанның желідегі жазбасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5297