Абайды еске алуға арналған алғашқы кешке – 100 жыл
Қазақстан-Ресей университеті, «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының ұйымдастыруымен қазақ әдебиеті мен мәдениетіне алғаш тың жол бастаған тарихи кеш жайлы дөңгелек стол өткізілді.
Абайдың қайтыс болғанына 10 жыл толуына орай Н.Құлжанова өткізген тарихи кешке 26 қаңтар 2014 жылы 100 жыл толды. Сәуір айнда өткізілетін Республикалық конференцияда қаралатын мәселелер, алғашқы кеш төңірегінде көтеретін тақырыптық зерттеулер, Н.Құлжанованың туысқандық айналасы, Шығармашылық өмір жолы, шақырылатын қонақтар, өткізілетін орны мен қатысушылар жайлы талқыланды. Кешті ұйымдастырушы «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының директоры – Алмахан Мұхаметқалиқызы жиналған зиалы қауым арасындағы әңгіме сұхбатты өзі жүргізіп отырды.

Қазақ руханиятында тарихи орны ерекше бұл іс шараға Абайтанушы ғалымдар, қаламгерлер, Астана қалалық білім басқармасы, Абайтанудан дәріс беретін ұстаздар, Абайтану оқулығын дайындаушылар қатысты. Қазақстан шыққан тұңғыш ағартушы – журналист қыз Назипа Құлжанова жайлы тереңірек әңгімелеп, туысқандық айналасынан сыр шерткен белгілі ақын – Серік Тұрғынбеков ғалымдарға тарихи тың деректерден мағлұмат берді. Абайтанушы-ғалым Асан Омаров қазақ мәдениеті тарихындағы алғашқы кештің негізін Абайдың 1909 жылғы жарық көрген тұңғыш жинағынан бастау қажет екенін, аталған жинаққа да 105 жыл толып отырғанын атап өтті. Алғашқы кешке арналған дөңгелек столға Астананың іргесіндегі Қоянды қазақ орта мектебінің директоры, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, танымал қаламгер – Жәди Шәкенұлы өзінің мектебіндегі талантты шәкірттерімен қатысып, тақырыпқа сай тың тақырыптар қозғады. Талапты шәкірттері Абай шығармашылығына, аталған алғашқы кеш жайында пікірлерін білдірді. Қаладағы №56 мектебі, Абай-Шәкәрім клубының жетекшісі – Роза Халесова Абайтануға өз үлесін қосып жүрген ұстаз ретінде өз ойын ортаға салды. Белгілі ақын Ерқожа Төлепбердіұлы мен руханиятқа жанашыр зиялы қауым мен қаламгер топ ризашылықтарын білдірді. Қазақ гуманитарлық заң университетінің оқытушысы, саяси ғылымдарының докторы, профессор – Бәкір Әбдіжәлел Қошқарұлы Абай шығармашылығы мен Абайтанудың бастау бұлағына айналған алғашқы кешке өзінің ғылыми тұрғыдағы көзқарасын білдірді. «Абай нұры» өнерлі жастар клубының белсенді мүшесі – Нұрилаш Әбзелханқызы әңгіме арасында Абайдың сол алғашқы кеште орындалған әндірнен тыңдаушыларын сусындатып отырды.
Қазақтан шыққан тұңғыш ағартушы журналист қыз Назипа Құлжанованың ұйымдастыруымен 1914 жылы 26 қаңтарда Абайдың дүниеден өткеніне 10 жыл толуына орай Семей қаласы Луначарский клубында тұңғыш рет әдеби шығармашылық кеш өтіп, ақынның шығармашылығына арналған алғашқы баяндама орыс тілінде жасалған болатын. Абайдың ақындық творчествосы жайында екі тілде (орысша, қазақша) баяндама жасайды. Осы кеште М. Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьессасынан үзінді қойылады. Артынан концерт болады. Оған өнер саңлақтары И. Байзақов, Ә. Қашаубаев, Абайдың әнші шәкірті Әмбағамбет, Қ. Сәтпаев Ж. Аймауытовтар қатынасып Абай өлеңдерін оқып, Абай әндерін орындады. Осы айтулы тарихи оқиғаға биыл 100 жыл толып отыр. 1919 жылы Семей қаласында Ж.Аймауытов, М.Әуезовтермен бірге Абай мұраларын насихаттаумен айналысып, Семейде Абайдың қайтыс болғанына 15 жыл толуына байланысты әдеби кеш өткізіп, Абайдың ақындық творчествосы жайында екі тілде (орысша, қазақша) баяндама жасайды.
Осындай тарихи оқиғадан тереңірек мағлұмат алған қатсыушылардың ортақ пікірі нәтижесінде алдағы Сәуір айында «Алғашқы кешке 100 жыл» тақырыбымен мәдени ошақтар мен оқу ордаларымен бірлесе отырып, Республикалық ғылыми-танымдық конференция өткізуге бел байласып тарқасты.
Зоя Мұхамеджанова
Инновациялық технологиялар қолледжінің ұстазы
Астана қаласы
Abai.kz