Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2681 0 пікір 18 Қыркүйек, 2009 сағат 11:42

Талдықорған наркодиспансеріндегі өртке жылыту құралы немесе темекі себеп болуы мүмкін

Астана. 18 қырқүйек. ҚазТАГ – Үкіметте премьер-министр Серік Ахметовтың төрағалығымен 2009 жылдың 13 қырқүйегінде Талдықорған қаласында облыстық наркологиялық диспансердің ғимаратында болған өрттің себептерін анықтау және салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссияның жұмыс отырысы өтті, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өртің шығуына аз қуатты ошақ себеп болған. Тергеудің болжамы бойынша, бұл жылыту құралы немесе темекі болуы мүмкін. Тұтану ошағы диспансердің фойесінде болған», - деп атап көрсетілген жұма күні таратылған ақпаратта.

Бұрын белгілі болғанындай, наркодиспансердің ғимараты 50-ші жылдары салынған, каркасты-қамысты болған, бұл жалынның тез таралуына алып келген.

Хабарламада атап көрсетілгендей, қасақана өрт салу немесе сымдардың тұйықталуының іздері табылмаған.

Жүргізілген сот-гистологиялық және токсикологиялық-химиялық сараптамалар қаза болғандардың өліміне уытты газдан улану себеп болғанын көрсетті. «Қаза болғандардың барлығында ішімдікке тест теріс нәтиже көрсетті», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Ақпаратқа сәйкес, қаза болғандардың 22 отбасына асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы беріледі. «Диспансердің қаза болған екі қызметкеріне әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылғанына байланысты жәрдемақы беріледі, қаза болғандардың ішіндегі үш мүгедектің отбасына мембюджеттен жерлеуге 15 ТЕК көлемінде жәрдемақы, жұмыссыз деп ресми тіркеуде тұрған қаза болған төрт адамның отбасына жергілікті бюджеттен жерлеуге 10 ТЕК көлемінде жәрдемақы төленеді», - делінген баспасөз мәлімдемесінде. 

Сонымен қатар, мемлекет жерлеуді және ас беруді ұйымдастыру шығындарының барлығын өз мойнына алды, бұл мақсатқа 4,5 млн теңге бөлінді.

Бұдан басқа, биылғы жылдың 14 қырқүйегінде Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында қаза болған адамның әр отбасына 1 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылданды.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 13 қырқүйекте 5 сағат 30 минутта болған. Өрт кезінде ғимаратта 78 адам болған. Өрт салдарынан 40 адам қаза тапты, 38 адам аман қалды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5388