Сенбі, 23 Қараша 2024
1142 5 пікір 5 Тамыз, 2024 сағат 16:07

Олимпиададан кейін "кадрлық тазалаулар" басталмақ

Фото: Әділет Беремқұлов / Kazinform

2024 жылғы Париж олимпиадасы аяқталғаннан кейін спортқа жауапты мемлекеттік мекемелерде тиісті аудит жүргізілетін болады. Спорт федерацияларының, Ұлттық олимпиада комитеті басшылығы және Туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаевтың қызметіне баға берілмек.

"Шынын айтқанда "ана жақ" аса риза емес. Бұл әсіресе бокс пен тенниске қатысты. Онымен бірге фокусты технологиялық спортқа: садақ ату, батут, семсерлесу, бадминтон сынды бағыттарға бұру да ойластырылуда", - дейді DALA INSIDE дереккөзі.

Париж олимпиадасы біраз шешілмеген мәселені ашып берді. Қазақстан мен IBA арасындағы өзара түсініспеушіліктің бар екені, спортшылармен психологиялық жұмыстың жүргізілмегені байқалады. Бәрін тек ақша емес, жеке мотивацияның анықтайтыны айқын білінді. Токио олимпиадасынан ешқандай сабақ алынбаған.

DALA INSIDE спорт саласындағы күзгі рокировкаларды қадағалап отырмақ. Тек одан нәтиже бола ма деген сұраққа еш жауап жоқ.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371