Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1093 0 пікір 6 Тамыз, 2024 сағат 14:30

Министр грантсыз қалған түлектерге мәлімдеме жасады

Сурет: ulysmedia.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек грантқа ілінбей қалған түлектерге әлі де мүмкіндік бар екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

– Бөлінген гранттардан басқа қосымша да гранттар қарастырылған. Біріншіден, 3 мың талапкер түрлі себептермен гранттан бас тартуы мүмкін және ол гранттар жоғары балл жинаған келесі талапкерлерге қайта бөлінеді. Қазіргі таңда 2 000 астам грант жергілікті атқарушы органдардан бөлініп отыр. Бұл көсеткіш тағы ұлғаяды, – деді министр Үкімет отырысында.

Сонымен қатар Саясат Нұрбек кімдердің грант бөліп жатқанын атап өтті.

– KazEnergy қауымдастығының гранттары бар. Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алу үшін Түрік Республикасының 500 гранты берілді. Freedom Finance Group компаниясынан 400 грант кеше бөлінді. Түркістандағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті 800мақсатты грант ұсынды. «Қазақстан халқына» қоры 850 грант бөледі. Сонымен қатар, Сәтбаев, Есенов, Аманжолов, Торайғыров, Тұран-Астана және тағы басқа университеттер ректорлық гранттар береді, – деді Ғылым министрі.

Министрдің сөзінше, студент сессия нәтижелері бойынша бос гранттарды алуға мүмкіндігі бар.

– Жұмыс берушілердің гранттары да қарастырылған. Жалпы, қазіргі таңда 8 000-нан астам қосымша гранттар бар. Бұл көрсеткіш кем дегенде 10 000-нан астам болады, – Саясат Нұрбек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371