Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5429 0 пікір 30 Қаңтар, 2014 сағат 09:09

Қазақстан Ресейден жалға берген жерін сұрамақ

Қаңтардың 30-ы күні Астанада аймақтық даму министрі Болат Жәмішев Қазақстан Ресейге полигондар аумақтарындағы жалға алған жерлердің толық көлемде пайдаланылмайтын бөлігін қысқартуды ұсынғаны туралы хабарлады.

Жәмішевтің айтуынша, 22 қаңтардан бастап екі елдің өкілдері Ресейдің Қазақстаннан жалға алған полигон жерлерін азайтуға қатысты келісім жасасқан.

"Министрлік Байқоңыр кешенінің әскери полигондарын ары қарай қолдану мәселелерін реттейтін халықаралық келісім жобасын жасайды" деді министр.

Ал аймақтық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, Ресей кезінде Қазақстаннан полигон қажетіне деп жалға алған ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді толық көлемде пайдаланып отырған жоқ.

Өскенбаевтің сөзіне қарағанда, Қазақстан Ресейден толық пайдаланбайтын жерлерді қайтаруды сұрап, оны жергілікті атқарушы органдардың құзырына беруді ұсынған.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін жабылғанына 22 жыл болған Семей полигонының аумағында радиация жоқ екенін, оны қолдануға жарайтынын айтқан еді. Бірақ кейбір ғалымдар полигон аумағының кейбір бөлігі әлі де қауіпті екенін ескерткен.

2013 жылы 2 шілдеде Байқоңырдан ұша бере апатқа ұшыраған ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышынан бірнеше жүз тонна улы отын – гептилдің төгілуі Қазақстан қоғамында қарсылық акцияларын туғызған еді. Ресей бұл апаттан кейін де Байқоңырдан бірнеше «Протон-М» ұшырған.

Ресей Қазақстанға тиесілі Байқоңырды 1994 жылдан бастап жалдап, жылына 115 миллион доллар төлеп, 2050 жылға дейін толық пайдалануға рұқсат алған.

"Азаттық" радиосы - Azattyq.org

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963