Жұма, 22 Қараша 2024
Күбіртке 1128 2 пікір 12 Тамыз, 2024 сағат 12:33

«НЗМ»: 10,5 млрд теңгенің заң бұзушылықтары анықталды

Сурет: egemen.kz

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» өткізген сатып алулар бойынша 10,5 млрд теңгенің заң бұзушылықтары анықталды, деп хабарлайды Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі.

Жоғары аудиторлық палата отырысында 2019-2023 жылдардағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»  дербес білім беру ұйымында (НЗМ) бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері қаралды.

Жалпы есепті кезеңде Назарбаев Зияткерлік мектептері жұмысына бюджеттен 250 млрд теңге бөлінген, соның ішінде 22 млрд теңгеден астамы тәжірибені таратуға қаралған. Дегенмен бүгінгі таңда мемлекеттік жоспарлау жүйесінде НЗМ рөлі нақты айқындалмаған. Атап айтқанда, бағдарламаларда, ұлттық жобалар мен тұжырымдамаларда тәжірибені тарату нәтижесіне қатысты нақты міндеттер, функциялар мен көрсеткіштер белгіленбеген.

Мұның маңызды бөлігі – жалпы білім беретін мектептерге НЗМ әзірлеген оқулықтарды енгізу. Бірақ салалық министрлік мақұлдаған білім беру процесіне арналған 3 мыңнан астам оқулықтың небары 67 немесе 2% ғана НЗМ үлесіне тиесілі. Осылайша, ұйымның орта білім беру жүйесін дамыту әлеуеті толық пайдаланылмай отыр.

Отырыс барысында Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов бұл бағыттағы нәтиженің бөлінетін қаржыландыру көлеміне сәйкес келмейтініне назар аударды.

«Ұлытау облысының барлық бюджеті көлеміндегі қаражат осы бес жылдан аз уақыт ішінде Назарбаев Зияткерлік мектептеріне бөлінген. Оның ішінде 22 млрд теңгеден астам қаражат тәжірибені таратуға қаралған. Статистиканы қалай қарасақ та, өкінішке қарай, айтарлықтай өзгеріс жоқ. Оның үстіне, бұл тіпті мемлекеттік жоспарлау жүйесі шеңберінде де қамтылмаған», — деді Әлихан Смайылов.

Жалпы мемлекеттік аудит барысында:

- 274,4 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар;

- 8,3 млрд теңгеге қаражатты тиімсіз жоспарлау;

- шамамен 6 млрд теңгені тиімсіз пайдалану;

- 134 рәсімдік бұзушылық пен 30 жүйелік кемшілік анықталды.

Тексеру іс-шараларының қорытындысы бойынша 1 материал құқық қорғау органдарына, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар тағы 10 факті бойынша материал әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін уәкілетті органдарға жіберілді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1443
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3206
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5196