«Азап вагонынан» құтылар күн бар ма?!
Маңғыстау облысының әкімі А.Айдарбаев,
«Қазақстан Теміржолы» Ұлттық
компаниясының президенті А.Мәми
мырзалардың назарына!
Мен Маңғыстаудың қызымын. Дәм бұйырып Оңтүстік Қазақстан облысының азаматына тұрмысқа шықтым. Қазір Кентау қаласында тұрамын. Туған жеріме жиі болмағанымен, төркінімнің той-тоймалақ, өлім-жітіміне барып тұрамын. Барған сайын жол азабын тартамыз.
Осы жылдың 19 қаңтары күні «әжең қайтыс болды» деген қаралы хабар алдым. Әжемнің соңғы сапарына қатысуға Шымкент қаласынан ұшақпен ұшпақшы болдым, бірақ екінші күнге дейін Ақтауға ұшақ ұшпайтын болды. Ақыры Түркістан қаласына келіп, Шетпеге дейін билет алып, №377 Алматы-Мангышлак пойызының14-пласкарт вагонына отырдым. Вагонның есігін ашқан бойда күлімсі сасық иіс мүңк ете түсті. Таңдап тұруға мүмкіндік жоқ, билетімде көрсетілген орынға отырдым. Қасымдағы Алматыдан келе жатқан жолаушылармен таныстым. Олар да көрген жол азаптарын айта бастады...

Ақтөбе облысының территориясына кіре бергенде вагонның іші суытып кетті. Жолаушылар да, өзім де түнімен ұйықтай алмадым. Қасымдағы келіншектің емшек жасындағы кішкентай баласы түнімен жөтеліп, ауырып шықты. Әр жерден күрк-күрк жөтелген адамдар, бейне-бір соғыс даласынан жаралы жауынгерлерді госпиталға алып келе жатқан пойызға ұқсайды. Берген төсеніштері де кеуіп үлгермеген, ылғал болып тұр. Қол орамалы әбден тозығы жетіп, сетінеп жатыр. Пайдаланудың өзі жиіркенішті. Жастық деген аты бар, шілпиген бірдеңе, жүндері бұрқырап ұшып жатыр. Төсеніш көрпесі де шұрқ тесік. Тіпті жату да мүмкін емес. Дәретханасына беттей алмайсың. Сары су есігінен шығып іркілдеп тұр. Қасынан мұрныңды басып зорға өтесің. Өзге вагондардың да жағдайы солай екен. Терезеден гулеген жел кеудеңнен өтіп барады. Кейде пойыздан түсіп, жаяу тартқың келеді. «Азап вагоны» деген осы болар!
Пойыз әр станцияға тоқтаған сайын далаға жүгіре шығамыз. 10 минут болса да таза ауамен дем алғымыз келеді. Сол сәтте теміржол вокзалынан «Сақ болыңыздар! Алматы-Мангышлак пойызы жүргелі тұр». Қасымдағы жолаушы «Ау, Мангышлагы несі? Маңғыстау болып өзгергеніне 20 жыл болған жоқ па? Бұл атау неге өзгермейді?» деп менен сұрайды. Әлгі адамға не деп жауап берерімді білмей жерге қарадым. Целиноград - Астана болып, Гурьев - Атырау болып өзгерді, олардың пойыздары да солай аталады. Ал Мангышлак атауы теміржолшылар үшін темірдей қатып қалған ба?! Білмедім!
Бір кезде қасымызға Алматы-Атырау пойызы келіп тоқтады. Вагондары тап-таза, жалтырап тұр. Жолаушылары буы бұрқыраған жылы вагондардан күліп-ойнап түсіп жатыр. Екі пойыз да Алматыдан шықты. Екеуі екі түрлі, салыстыруға да келмейді. Атырауға екі күнде, ал біздер Ақтауға үш күнде әрең жетеміз. Оларға қызығып та, қызғана да қарадық. Себебі, біз отырған Алматы-Мангышлак пойызы қысқа дайын емес, жолаушыларға қызмет жасалуы өте нашар, тәртіп, тазалық деген атымен жоқ.
Маңғыстаудың әкімдері, депутаттары, ел ағалары қайда қарап жүр?! Өздері пойызға отырмағасын, қарапайым халықтың жағдайын ұмытқан ба? Менің өтінішім: осы кемшіліктердің орнын толтырса екен. Алматы-Мангышлакқа жаңа пойыз жүргізсе. Мангышлак атауын өзгертіп, Маңғыстау немесе Ақтау пойызы деп атаса екен. Бұл менің емес, күн сайын мыңдап мініп жатқан жолаушылардың тілегі.
Құрметті ел басқарып отырған ағалар! «Азап вагонынан» құтылар күн бар ма?!
Құрметпен,
Іңкәр Қайырмағанбетова
Алматы-Мангышлак пойызының жолаушысы
Abai.kz