Сәрсенбі, 14 Мамыр 2025
Билік 1587 0 пікір 16 Тамыз, 2024 сағат 13:20

Президент Қосшы қаласының даму жоспарымен танысты

Фото: Ақорда

Президентке елордаға іргелес орналасқан Қосшы қаласының инфрақұрылымдық даму жоспары таныстырылды.

Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасеновтің айтуынша, елді мекенге 2021 жылы облыстық маңызы бар қала мәртебесі берілгеннен кейін тұрғындар саны 110 мың адамға жеткен.

Жалпы қаланың бас жоспары аясында 1,5 миллион шаршы метр тұрғын үй мен 45 әлеуметтік нысанның құрылысы жоспарланған.

Соңғы екі жылда қалада үш мектеп пайдалануға берілді. Тағы бір мектеп құрылысы аяқталуға жақын. Алдағы уақытта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында үш білім ошағын, сондай-ақ екі балабақша салу көзделген.

Денсаулық сақтау саласында бір мемлекеттік емхана, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде екі емхана жұмыс істейді.

Дереккөзі: Ақорда

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2439
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4110