Азамат Ақылбеков. Ұлттық құндылықтарды ұлықтап жүрміз бе?
Егде тартқан әріптесім: «-Ұлттық құндылықтарымызды жоғалтып барамыз»- десе, жастауы: «- Жоқ, жоғалтқан жоқпыз, міне, Наурыз мерекесі жанданды»,- дейді. Ойға кеттім.
...Ұлт дегенді бәріміз де түсінеміз, ал ұлттық құндылықтар дегенді ше?
Ұлттық құндылықтар дегеніміз өте үлкен ұғым. Ол құндылықтарын жоғалтқан ұлт - өзі де жойылған ұлт екені және хақ.
Ұлттық құндылықтарды саралағанда оның құрамдас үш тағанын бірге қарастырған дұрыс секілді.
I. Ұлт сипаты. (Тіл; Сана-сезім; Ұлтқа сүйіспеншілік; Дін; Мінез-құлық, тағылым; Тарих және мәдениет.)
II. Әдет-ғұрып.
III. Салт-дәстүр.
Міне, осы үш топтың жиынтығынан келіп, ұлттық құндылықтар құралса керек. Бұл жердегі ең басты мәселе аталған құндылықтарды зерделегенде, зерттегенде қандай да бір саясатқа, қандай да болсын біреулердің ыңғайына жығылу, әлдекімдердің мүдделерін қолпаштап-қорғау деген болмауы тиіс, әйтпеген күнде құндылықтардың жойылу үдерісі жеделдей түспек.

Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан құндылықтардың жоғалуы, жойылуы өте ұзақ кезеңге (уақытқа) ұласатыны анық. Солай болуы да керек, алайда қазіргі жаһандану дәуірінде ондай тәртіптіліктің бұзылуы да өте оңай.
Біраз ұғымдар туралы сөз қозғасақ.
...Кішкентайымызда қазақи санаға сәйкес «Обал» түсінігі мызғымас сенімде болушы еді, оның не екенін үлкендер түсіндірмейтін де, өз-өзінен түсінікті болатын, сірә «Обал» сөзінің мағнасы санамызға ана сүтімен дарыған болар. Мысалы: «Көк шөпті жұлма – обал; Жетім-жесірді қорлама – обал; Нан қалдықтарын баспа – обал; Біреудің затын алма – обал т.с.с.» Қазіргі кезде осы Ұлы танымның бірі - «Обал» мәселесі көмескіленіп бара жатқандай.
...Ұлттың басты сипаты тілге келсек, бұл жерде әлдебір адамдардың қазақша сөйлеу пайызы емес, көптеген жастарымыздың Ана тілін біле тұра сөйлегісі келмейтіні бірінші кезекте бәрімізді алаңдатуы міндетті.
...Елін сұрасаң Жүзге бөлінді деп шоршып түскен жағдайға жеттік. Қазақ ұғымында мүлде олай емес қой. Елін, жеті атасын білу - бөлінуді емес бірігуді көрсетеді емес пе?! Жеті атаға толмаған қандасың - жақын бауырың, ал одан ары бауырың, туысың, құда-жегжатың болып кете бермей ме? Ең мәдениетті деген ағылшындар да өз атасын, шыққан тегін көрсетіп, оны заңгерлерге бекіттіріп қоятын үрдіс бар екен. Ал біздің қазақ ондайды баяғыдан-ақ білген.
...Заман қарыштап өзгеруде, ғылым-білім жетіліп, техникалық прогресс даму үстінде. Әрине, әлдебір ескірген түсініктерді сол қалпында ұстану керек деп ешкім де айта алмас. Оны дана халқымыз «Дәстүрдің озығы мен тозығы бар» деп баяғыда-ақ көрсетіп кеткен...
...Бірде жолда бұрын ауылда тұрып көшіп кеткен шешен кездесіп, қоярда-қоймай үйіне апарды. Орамал таққан әйелі шай жасап берген соң, көрші бөлмеге барып екі-үш сәбиді ойнатып жүрді. Баланың біреуі орысша сөйлеп еді, жаңағыны тоқтатып шешенше үйрете бастады. Отағасы, біреуі өз немересі, ал ана екеуі інісінің балалары екендігін, бірге өсіріп, тіл, салт-дәстүрлерін үйретіп, тәрбиелеп отырғандығын айтты. Жат елдегі жалғыз шешеннің мұнысы көп нәрсені үйреткендей.
...Әлемдегі техникалық ең озық Жапон еліндегі салт бойынша үлкенді құрметтеу дәстүрінің ерекше сақталғаны таң қалдырады. Мысалы, екі шебердің туындыларын қарағанда жасынікі тәуірлеу болғанмен, көрермен үлкенінікін көпе-көрнеу мақтайды екен. Осы үлкенді сыйлау, кішіге ізет ұғымы біздің қазақта солардан кем бе еді десеңші!
...Сексенге келген шешем, кәрістің сериалдарын атып-асу, зорлық-зомбылық, ұятсыз көріністер жоқтығынан, өзіне жас кезіндегі нәзік те нәрлі қазақи танымдылықты есіне түсіретіндіктен үзбей көретіндігін айтып отырады.
...Сонымен қысқаша нақты ғылымдар тілімен тұжырымдасақ, ұлт дегеніміз – ұлттық құндылықтарды айналып жүрген күн системасындағы планета тәрізді. Ұлт - ұлттық құндылықтардың шуағынан нәр алып, соны өз орбитасымен ауытқымай айналып жүруге тиіс. Алайда, физика ғылымының заңдылықтарына сүйенсек, егер дененің салмағы азая берсе, олардың өзара тартылыс күші де азая бермек. Ғарыш ғылымы саласында мынандай теңдеу бар, яғни ұшырылған аппарат шарықтау шегінен асып кетсе, ол қайтпайды. Сондықтан ұлттық құндылықтарымыз жеңілдемей, жарқырай түсуіне жанашыр болып қана емес, әр отбасының сеніміне айналуы үшін күресейік.
Abai.kz