Серік Ерғали. Мәңгі бостан елдің атауы қандай болуы керек?
Осымен президентті екінші рет толық мақұлдағалы отырмын. Бірінші мақұлдағаным – астананы Ақмолаға көшіруге қатысты болатын. Ендігісі – елдің атауын өзгертуге байланысты. Әрине, бұл қазақтілділер үшін қызық та, тартымды науқан болғалы тұр. Оның саяси технологиялық сипаты өз алдына.
Дегенмен, өз басыма үшінші жақтағы тәуелдік жалғауын «жетелеген» сөздер о бастан ұнамайды, көрсем тыжырынам да жүрем: «отбасы» – оттың басы, ошақтан басқа ештеңе жоқтай әлдебір жансыздық сезіледі... одан жасанды болса да «жанұя» жақсы. Жып жылы, ет жақын жандардың басын құраған шаңырақты елестетеді; «елбасы» – елдің басы, бұл да сөз тіркесінің амалсыздан сөзге айналған нұсқаларының бірі, тілімізде бұдан әлдеқайда жып-жинақы, сүйкімді «елбасшы», «қолбасшы» нұсқалары бар. Әрине, Олжас ағамыздың ежелгі «Ил баси» тіркесінің «баси ил» түрінде қолданылған нұсқасынан «Васил» сөзінің шыққандығына илансам да, құптасам да «елбақан» нұсқасын ұнатам да тұрам, себебі шылаудай сүйретілген әлгі жалғау жоқ!

Сонымен елдің атауына келейік. «Қазақ» сөзі әубаста адамзаттық ұлы саяси категория саналатын «бостан», «егемен» ұғымдарынан еді. Содан барып, Керей-Жәнібек хандардың соңына ілескен ел «қазақ» атанды, бұл сол кезде этноним емес, саяси оним болатын және де жаңа тұтасқан елдің ұлттық идеясы-тұғын. Талай ғасырлар бойы мәңгі болуды идея тұтқан ата-бабаларымыз біресе «мәңгі ел» боламыз десе, біресе «мәңгі қол» боламыз деп аңсарлатты. Енді біз де сол туды қайта қолға алдық...
Егер де, «қазақ» сөзін бүгінгі этнонимдық сипатынан ажырата тұрып, бастапқы саяси форматына түсіріп, «бостан», «егемен» мазмұнын берсек, біз «ҚАЗАҚ ЕЛ» деген ұлы идеяға бой суарған, ұлы адамзаттық бостандық идеалын бағдар ұстаған ұлт болып шыға келеміз де, әуелгі ата-баба бастаған қасиетті нүктеге «ат басын тіреп», «атымызды суарып», аңсарымызды дәуір сайын өшетін этнониммен шектемей, мәңгілік категориясын арқаланып шыға келеміз: қазақ ел – бостан ел дегенді білдіреді. Және де «қазақ» этнониміне бізден басқа ешкім де таласа алмайды! Бұған қоса бұл – кешегі көктүркілік «мәңгі ел», маңғолдық «мәңгі қол» аңсарларының заңды жалғасы болып та табылады. Ал, бостандыққа ешкім де мәңгі қол жеткізбесе де, ол біздің мәңгі бағдарымыз ретінде бүгінгі «мәңгі ел» идеясына астасып кетеді. Себебі, мәңгілік пен бостандық бір бірінен ажырағысыз ұлттық идеал.
Бір жақсысы, «қазақ ел» тіркесі қай тілде де сетінемей айтылып, жазылуға әуес, ыңғайлы, икемді: QAZAQ EL. Бұл тіркес біздің бостан болуымыздың мәңгілігін ылғи да еске салатын жалау болып қала бермек, Қазақ ЕЛ!
Abai.kz