Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 7358 0 пікір 11 Ақпан, 2014 сағат 11:38

«Теңгенің құнсыздануы – Ұлттық банктің сатқындығы»

1-сурет: Жангелді Шымшықов

2-сурет: Расул Жұмалы

Ұлттық банк бүгіннен бастап теңге бағамын бұрынғы көрсеткіште ұстап тұрудан бас тартып, теңгенің долларға шаққандағы бағамын 185 теңге деп белгіледі. Сөйтіп, Қазақстан валютасы тағы да аяқ астынан девальвацияға ұшырады.

Қызу талқыланып жатқан осы мәселеге орай сарапшылардың пікірін білген едік.

Жангелді Шымшықов, Экономика институтының Астана қалалық филалының директоры:

- Теңгенің құнсыздануы – Ұлттық банктің  сатқындығы. Өйткені, осыдан бір апта бұрын Ұлттық банк төрағасы Келімбетов жасаған мәлімдеме де «алаңдауға негіз жоқ» дегенге саятын пікір айтқан болатын. Біз болсақ, алаңдауға негіз бар екенін бұрыннан айтып келеміз.

Теңгенің құнсыздануы, біріншіден, біздегі долларға деген сұраныстың өте жоғары болуынан болып тұр. Ал, ұсыныс аз.

Ұсыныс қайдан келеді?

Доллардың ұсынысы - Шетелге жұмыс істеп жатқан, экспортқа өнім шығаратын, негізінен шикізат (мұнай-газ, түрлі түсті метал, қара метал) өндіретін өндіріс салаларынан келеді. Сол шикізатты долларға сатамыз, доллар бізге келіп түседі. Бұл – валюта келетін негізгі көз.

Сұранысқа келсек. Импорт, яғни, шетелден тауар сатып алу үшін бізге доллар керек. Егер біз шетелден көп тауар сатып алып, сыртқа аз тауар шығаратын болсақ, доллар жетпейді. Сөйтіп, доллардың жетіспеушілігінен доллар бағасы көтеріледі.

Долларға деген сұраныстың артуының тағы бір себебі, ұрлықшы, жымысқы бизнесмендер де. Олар бар ақшаларын шетелге салмақшы. Міне, соларға доллар керек. Олар сатып алады да, оны шетелге аударады. Өйткені олардың Отанға деген сенімі жоқ. Ақшаларын шетелде сақтағысы келеді. Теңгені менсінбейді. Мұндай бизнесмендер өте көп.

Бір қызық айтайын. ТМД елдері бойынша сырттан инвестиция тартудан біріші орындамыз деп мақтандық қой. 2003 жылдан бастап есептегенде, 184 млрд. доллар тікелей инвестиция тартсақ, осы екі арада біздің 146 млрд. доллар ақшамыз шетелге өтіп кеткен. Ол ақшалар әртүрлі оффшорлық зоналарға, басқа да елдерді айтпағанда, бір Нидерландияның өзіне 80 млрд. доллар кеткен екен. Адам таңқалады. Ол жақта қайбір зауыт салып көркейтіп жатыр дейсің, барлығы ұрлық-қарлық.Осылайша доллар кетіп жатты, біз мәз болып өзгелерден алып жаттық. Арадағы балансты сақтай алмау – үкіметтің кінәсі. Яғни, үкімет өз жұмысын дұрыс атқара алмады немесе үкіметтің менеджементі жұмыс істеген жоқ.

Егер теңгенің құнсыздануы жалғаса беретін болса, онда 2014 жылы жан басына шаққандағы ІЖӨ-ді 14,500 долларға жеткіземіз деген мақсаттардың бәрі айдалада қалады. Сондықтан бұл мәселеге үкімет жауап беру тиіс болмаса отставкаға кетуі керек.

Ұлттық банк 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 185 теңге (+-3) теңге деп сендірмекші болып отыр ғой. Ал, біздің қолымызға жаңа түскен дерекке сүйенсек, Алматыдағы валюта айырбастау пункттерінде 1 доллар – 200-250 теңге дейін көтеріліп кетіпті.

Тағы бір мәселе – халықтың қаржы жүйесіне,Үкіметке деген сенімінің жоқтығы. 2009 жылы Марченко бір түнде теңгені құнсыздандырып жіберді де халыққа қиянат жасады. Содан кейін халық банктерге сенімін жоғалтты. Сөйтіп, былтырғы жылдың тоғыз айы бойы ел жаппай доллар сатып ала бастады. Бастапқыда 150 теңге болып тұрды да, жыл аяғында 154 ке көтерілді. Бұл да доллардың өсуіне алып келді десек болады. Ал, теңгенің долларға шаққандағы бағамын тұрақты ұстап тұру үшін Ұлттық банк 3 млрд. 600 мың доллар резервін жұмсаған. Ұлттық банк теңгені қашанға ұстап тұрады. Резерві де таусылады ғой.

Қосымша тағы да мынаны айтуға болады. Егер іште инфилиция болмаса, теңгенің долларға шаққандағы бағамы анағұрлым жақсы болар еді. Біз дүниежүзіне 4,8 пайыз ғана инфляция болды деп жар салдық қой, оның бәрі жалған. Себебі, қарапайым адамның өзі тұтыну тауарлары, электр энергия, азық-түлік, су, жол ақылары қаншаға қымбаттағанын біледі. Демек, я есептеу дұрыс емес я Президенттің алдында жақсы көріну үшін халықты көпе-көріну алдап отырған қитұрқы саясат деп ойлаймын.

Расул Жұмалы, саясаттанушы:

- Теңгенің құнсыздануы – өкінішті жағдай. Бұл – Ұлттық банктің, Үкіметтің қаржы секторына жауапты ведомствалары жұмысының әлсіздігінің көрінісі. Жалпы, ұлттық валютаның аяқ астынан құлдырау бір бұл емес. Бұдан бес-алты жыл бұрын да осылай болған. Алайда, валютаның күтпеген жерден 15-20 пайызға бір-ақ құлдырауы әлемнің ешбір елінде кездеспейтін жағдай. Тіпті ең кедей елдердің өзі ақшаның құнсыздану процессін бірден емес, бірнеше айға созып жасайды. Ондағы мақсат – халық өз салымдарын өзге валютаға айырбастап болмаса өзгеде сақтық шараларын қолдануына мұрсат беру.

Қазақстан конституция бойынша әлеуметтік мемлекет. Бұл тұрғыдан қарағанда, теңгенің біра-ақ күнде құнсызданып шыға келу ата заңға қайшы.

Теңгенің құнсыздану – халықты бір сәтте 15-20 пайызға кедейлендіріп жіберді. Бар салмақ пен ауыртпашылық халыққа түседі.

- Валютаның құнсыздану әлеуметтік наразылықтар алып келмей ме?

- Әлеуметтік наразылықтар бұрыннан бар. Бірақ, біздің халқымыздың кез келген жағдайға «шүкір, тәуба» деп отыра беретін мінезі мен билікке, үкіметке заңды талаптарын білдіріп, өз құқын қорғай алмайтын қоғамда ішкі әлеуметтік қарсылықтың сыртқа шығу екіталай.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371