Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 439 0 пікір 26 Тамыз, 2024 сағат 16:28

Қазақстанда тағы бір ақылы жол пайда болады

Фото: motor.kz

Көлік министрінің "Республикалық маңызы бар Үшарал – Достық жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы" бұйрығы дайындалды.

Атап айтқанда, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Үшарал – Достық учаскесі ақылы негізде пайдаланылатыны анықталды.

Ақылы жолдың ұзындығы 180 шақырымды құрайды.

Автобустар мен жүк көліктері үшін ақылы жолдағы ақы мөлшерлемесі белгіленді.

Ақылы жолдың қызмет ету мерзімі – 20 жыл.

Құжат 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылады.

Бұған дейін Қазақстанда ақылы жолдардағы тарифтерді тағы 20 пайызға көтеруді жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.

Abai.kz

0 пікір