Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 557 0 пікір 26 Тамыз, 2024 сағат 16:34

Көлікті техникалық тексеру саласында өзгеріс енгізілмек

Фото: almaty.tv

ҚР Көлік министрлігі көлікті техникалық тексеру саласындағы өзгерістерге қатысты түсінік берді.

«Көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша «Жол жүрісі туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында техникалық байқау операторларын ашуды хабарламалық бақылаудан рұқсат беру бақылауына көшу көзделген. Бұл құжатты ҚР Парламенті Мәжілісі қабылдады және Сенаттың қарауында жатыр. Заңды биылғы қыркүйек айында бекітіледі деп жоспарланған. Техникалық байқау операторларына қатысты айыппұлды 30-дан 100 АЕК-ке дейін ұлғайту бойынша жұмыс атқарылып жатыр (369 200 теңге)», - делінген ҚР Көлік министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Ведомство ақпаратына қарағанда, министрлік Цифрлық даму министрлігімен және Сауда министрлігімен бірлесіп, техникалық байқау орталықтарында пайдаланылатын бақылау-өлшеу жабдықтарына қатысты берілген сертификаттардың дұрыстығы мен мерзімдерін тексеру бойынша техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық базасын (ББАЖ) Техникалық реттеу және метрология комитетінің базасымен интеграциялау мәселелерін пысықтап жатыр.

Мұнымен қоса, келешекте техникалық байқау мерзімі өткен көлік құралдарын анықтау үшін ҚР Ішкі істер министрлігімен және «Сергек» компаниясымен бірге техникалық байқаудың бар-жоғын автоматтандырылған жүйемен тексерудің пилоттық жобасын, сондай-ақ басқа да қадамдарды іске асыру жоспарланған.

«Аталған іс-шараларды іске асыру осы саладағы кемшіліктерді болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жолдағы көлік қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйіне оң әсер етеді», - деп аталып өткен Көлік министрлігі ақпаратында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5314