Жұма, 22 Қараша 2024
Бәсе... 937 0 пікір 28 Тамыз, 2024 сағат 16:18

Министрлік қосымша гранттар бөлді

Оқу жылының басталуына аз күн қалғанда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қосымша гранттар бөлді.

«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қосымша білім беру гранттарын тағайындады», – делінген баспасөз хабарламасында.

Минстрліктің хабарлауынша, білім беру гранттары белгіленген тәртіппен, конкурс негізінде, ең жоғары ҰБТ балдарына ие болған үміткерлерге білім беру бағдарламаларының тиісті топтарына сәйкес белгіленген.

Тізімде тұрған барлық грант иегері жоғары оқу орындарына құжат өткізу үшін бару керек екені айтылған.

Еске сала кетейік, су басқан өңірлердегі түлектер үшін квота бөлінгендіктен, ҰБТ-дан жоғары балл алған үміткерлердің көпшілігі ЖОО-ға түсе алмай қалған болатын.

Одан бөлек, Алматылық талапкер Медина Майсар Ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа берді. Ол бұған дейін президентке ашық үндеу жасап, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қызметінен босатуды сұраған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320