Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 1659 1 пікір 28 Тамыз, 2024 сағат 20:17

Тәліб, өзбек һәм тәжік...

Сурет Асхат Қасенғалидың желідегі парақшасынан алынды.

2021 жылы тәлібтер билікті басып алған сәтте, Ауғанстан билігінің ұшқыштары Тәжікстан мен Өзбекстанға АҚШ берген тікұшақтар мен ұшақтарды алып, Ауғанстаннан қашуға мәжбүр болды. Енді міне, осы әскери техниканың тағдырына қатысты шешімдер айтылуда.

Пентагонның мәліметі бойынша Өзбекстанға 46 дана авиациялық техника жеткізілген. Оның ішінде 22 ұшақ пен 24 тікұшақ бар. Ал Тәжікстан тарапына 18 дана авиациялық техника келіп қонған. Олардың ішінде Embraer EMB 314 Super Tucano, PC-12, C-208, AC-208, A-29, Ми-17, UH-60 сынды ұшақтар мен тікұшақтар бар.

АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі Джонатан Хеник авиациялық техниканың Өзбекстанда қалатынын жеткізді. Ол ұшақтар мен тікұшақтар ешқашан Ауғанстанға тиесілі болмағанын, Ауғанстанның заңды үкіметі авиациялық техниканы АҚШ-тан жалға алғанын мәлімдеді. Сәйкесінше техниканың тағдырын АҚШ тарапы шешуге толық құқылы екенін айтты.

Тәлібтер билікке келгенге дейін Ауғанстанда 164 дана ұшақ пен тікұшақ болған, қазіргі таңда олардың саны 81-ді құрайды. Ауған билігінің ұшқыштары тәлібтер келген сәтте, әскери техниканың тең жартысын сыртқа шығарып үлгерді. Ал Ауғанстан аумағында қалған техниканың басым бөлігін АҚШ сарбаздары жарамсыз күйге түсірді. Қашықтықтан құрылғыларын өшіріп тастады.

2022 жылы Өзбекстанның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Исматулла Иргашев әскери техниканың АҚШ-қа берілетінін айтты. Иргашев ұшақтар мен тікұшақтардың тағдырын АҚШ тарапы шешетінін жеткізді.

2022 жылы Вашингтон Тәжікстан мен Өзбекстан билігіне ұсыныс жасап, жабық келіссөздерді бастады. Politico басылымы әскери техника Ташкент пен Душанбеге берілуі мүмкін, қарымтасына аталған екі ел АҚШ-тың аймақтағы терроризмге қарсы серіктестеріне айналуы тиіс деп жазды.

АҚШ тарапы ұшақтар мен тікұшақтарды Өзбекстан мен Тәжікстанға сату нұсқасын да қарастыруда. Алайда барлық шешімге «Талибан» тарапы қатаң қарсылық танытып келеді. Тәлібтер авиациялық техниканы «ауған халқына тиесілі» деп атауда.

Тәлібтердің қорғаныс министрлігі: «Өзбекстан үкіметі достық қатынасымызды сақтай отырып, бұл шешімнен бас тартады деп үміттенеміз. Ұшақтардың Ауғанстан әуе күштеріне берілуіне барын саларына сенімдіміз», - дейді.

Алайда ресми Ташкент әзірге бұл мәселеге қатысты қандай да бір мәлімдеме жасаған жоқ. Сарапшылар Ташкент үшін бұл қиын сұрақ екенін айтуда. Ұшақтарды алу Өзбекстанның қорғаныс саласын күшейтуі мүмкін, алайда «Талибанмен» ара-қатынасына сызат түсіруі ғажап емес.

Асхат Қасенғалидың желідегі жазбасы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3215
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5233