Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 965 1 пікір 29 Тамыз, 2024 сағат 14:47

Алматы әкімі: Алдағы 3 жылда спорт мектептері жаңартылады

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесті. Шаһар басшысы аудандағы жоба-жоспарлар туралы баяндама жасап, одан кейін тұрғындардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Өз кезегінде аудан тұрғыны спорт мектептерін жаңғырту мәселесін қозғады.

– Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің ата-аналарының атынан келіп тұрмын. Спортта жетістікке жету үшін оған жағдай жасау керек екені ешкімге жасырын емес. Біз мектеп-интернатына реконструкция жасауды өтінеміз. Өйткені мектеп кішкентай, орын тапшы, - деді тұрғын.

Алматы қаласының әкімі 2025-2027 жылдары спорт мектептері модернизацияланатынын атап өтті.

– Алматыда соңғы 2 жылда бұл мәселеге ерекше көңіл бөле бастадық. Болашақ чемпиондарымыз үшін жақсы жағдай жасалғанын қалаймыз. Біздің дарынды балаларға спорт мектептеріне бір кездері тиісті назар аударылмаған. Алдағы 3 жылда 2025-2027 жылдары біз сіздің мектепті ғана емес, барлық спорт мектебін жаңартамыз. Өткен жылдан бастап біз қаржыландыруды көбейттік. Чемпиондар бір сәтте пайда болмайды, барлығы мектептен басталады. Сондықтан бұл біз үшін маңызды бағыттардың бірі, - деді Ерболат Досаев.

Abai.kz

1 пікір