Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 959 0 пікір 5 Қыркүйек, 2024 сағат 14:54

Сенатор: Интернет-алаяқтық үшін жазаны қатаңдату керек

Фото: qazdauiri.kz

Интернет-алаяқтық мәселелері қарқын алып келеді. 2024 жылдың 8 айында елімізде осындай 11 765 қылмыс тіркелген. Сенатор Әсем Рахметова өзінің депутаттық сауалында осы проблемамен күресу шараларын ұсынды.

Қылмыскерлер күн санап жаңа айлаға үйреніп жатыр. Бұл тұрғыда сенатор ІІМ және басқа да мемлекеттік органдар қабылдаған кешенді шараларға қарамастан, қарқынды профилактикалық жұмысты жалғастыру керек екенін айтты және қазақстандықтарды қорғауды күшейту қажет деп санайды.

«Ішкі істер министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ-мен өзара іс-қимыл нәтижесінде антифрод жүйесімен 1,9 млн астам шетелден бағытталған алаяқтық телефон қоңыраулары бұғатталған. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, «ауыстырылатын нөмірлерден» 58 млн шетелдік телефон қоңырауын тоқтатқан. Ұлттық банкпен бірлесіп антифрод орталықты құру арқылы шетелге кетіп қала жаздаған 395 млн теңге бұғатталған», - деді Ә. Рахметова.

Депутат осыған байланысты танымал әлеуметтік желілерде тұрақты ақпараттық іс-шаралар жүргізуді ұсынды.

«Азаматтар күдікті әрекеттер туралы хабарлай алатын және кеңес ала алатын арнайы сенім телефондары мен онлайн-платформаларды әзірлеу керек. Бұл іс-шаралар азаматтардың алаяқтықпен байланысты тәуекелдер туралы хабардарлығын арттырып қана қоймай, қылмыс жасау мүмкіндігін азайтады және қауіпсіз әрі қорғалған цифрлық ортаны құруға мүмкіндік береді», - деді сенатор.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371