Сенбі, 23 Қараша 2024
1488 3 пікір 5 Қыркүйек, 2024 сағат 22:00

Жыныстық хат һәм тендер дауы: Садықов кімге «соғыс» ашпақ?

Суреттер Ақ жол партиясының сайты мен телеграм арнасынан алынды.

Қазақстанның негізгі заң шығарушы органы – Мәжілістің жаздық демалыстан оралып, қызу жұмысқа кіріскені кеше ғана. Парламенттің қос палатасы бірге жиналып, Президент Жолдау жолдады. Сөйтіп, еліміздегі жаңа саяси маусым аз-кем үзілістен соң қайта қайнай бастады.

Алайда, сол қайнауды Мәжілістің экс-депутаты Асқар Садықовтың шуы мезгілінен бұрын бастап жібергендей.

Сурет election.gov.kz скрині.

Мәжіліс жұмысқа оралардан аз ғана бұрын (28 тамыз күні) ҚР Орталық сайлау комиссиясы Асқар Садықовтың депутаттық мандатынан айыру туралы шешімді жариялады. ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтың аты мөрленген шешім сол ОСК сайтында жарияланды. Онда: «Садықовты мандатынан айыру – «Ақ жол» демпартиясының Ұлттық кеңесінің шешіміне сәйкес орындалды», - деп көтселіген.

Хош, бұл ақпаратты партия төрағасы Азат Перуашев та растады. Өзінің «Telegram» арнасында һәм партияның ресми сайтында қысқаша ғана ақпарат таратты.

Сурет akzhol.kz скрині.

САДЫҚОВ НЕ ҮШІН ПАРТИЯДАН ҚУЫЛДЫ?

«ҚР ОСК «Ақ жол» демпартиясының ұсынымы бойынша Мәжіліс депутаты Асқар Садықовты депутаттық мандатынан айырды. Бұл шешімге А. Садықовтың депутаттың мәртебесіне сай келмейтін әрекеттерге барғаны негіз болды.

Аталмыш фактіні партиялық органдар өз бетінше анықтаған және ҚДП пленумында қаралған соң, А. Садықов партиядан шығарылды, соған байланысты ол депутаттық мандатынан айырылды», - деп тоқтады.

Кезінде партия тұрмақ, мемлекеттің ресми позициясын пысқырмай, ресейшілдік позициядан сөз сөйлеп, партия мен Мәжілістен қуылған Әбілдаев ісінен сабақ алған «Ақ жол» осы жолы мәселені айқай-шусыз аяқтағысы келсе керек, әйтеуір осылайша сырғытпа мәлімдемемен тыйылған еді. Депутатқа лайық емес дейтін ол қандай іс? Ешкім ештеңені ашып айтпаған. Десе де, Астананың қос жағалауынан шыққан гу-гу сөздер, Қазақстанның батысы мен шығысын түгел шарлады. Басқаларын айтпағанда, Мәжілістегі өзге партияның депутаттары да: «Садықовтың ісі жайлы бәріне тез тарады. Ол өз карьерасын өзі құртты», - деп сыбырласып жүрді.

Осыдан соң, «Ақ жол» ресми түсініктеме жасап, Асқар Садықовтың партиядан қуылуы және мандатынан айырылуы себебін тсүіндірді. Партия жетекшісі Азат Перуашев «Садықовты партиядан шығаруға оған қатысты «лауазым өкiлетін асыра пайдалану» және «этика нормаларын бұзу» жайлы шағымдар себеп болды» деді. Садықовтың үстінен «харрасмент» туралы арыз түскенін айтты. Тіпті, Садықовтың интимдік сипаттағы хаттары мен оның үстінен түскен шағымның скриндері де жария болды.

Сурет видео скрині.

САДЫҚОВТЫҢ ЖАУАБЫ: ЭКС-ДЕПУТАТ ҮШІН КЕШЕГІ «БАСШЫ», БҮГІН ЖАУ МА?

Ал Садықов бейне үндеу жариялап, Азат Перуашевті «лас ойындарыңызға мені араластырмаңыз» деп айыптады. «Егер мені партиядан шығарғыңыз келсе басқа дәлелдер келтірсеңіз болар еді, бірақ сізде ол да жоқ. Менен әлі күнге дейін түсініктеме алынған жоқ.  Екіншіден, партия басшылығы бұл жайт туралы маған ескертпеді. Үшіншіден, бұл мәселе Мәжілістің тәртіптік кеңесінде талқыланған жоқ. Сіздің мәлімдемеңізді оқып таңғалып отырмын. Бірақ сіздің бұған дейінгі жалған мәлімдемелеріңіз БАҚ-тың есіне түседі деп ойлаймын. Азат Перуашев осы ақпарат арқылы өзінің орынбасары, Ұлттық ұлан генералы жемқор деген ақпаратты жасырып қалғысы келген болар. Менің ойымша, Азат Перуашев, сіз мақсатыңызға жеттіңіз», - деді.

Сурет Hola News скрині.

«АҚ ЖОЛ» ТҮСІНІКТЕМЕСІ: САДЫҚОВ ПАРТИЯДАН «ТЕНДЕР» ҮШІН ҚУЫЛҒАН БА?

Бұған қатысты бүгін «Ақ жол» партиясы тағы да түсініктеме жасап, Садықовтың партиядан қуылуының себептерін ашып айтты.

«А.Садықов партия төрағасы келтірген деректерден басқа өзін партия қатарынан шығаруға негіз боларлық еш дәйектің жоқтығын алға тартыпты. Ол тіпті, харрасмент фактілерін жоққа шығарып та отырған жоқ. Соның өзі ғана оны партия қатарынан шығаруға жетіп жатыр», - дейді «Ақ жол».

«Ақ жол» бүгінгі түсініктемесінде экс-депутаттың үшінші тұлғалардың пайдасы үшін өз өкілеттілігін асыра пайдаланғанын айтады.

«Алайда, партия төрағасы Садықовқа тағылған айыптар этикалық нормалардың бұзылуы ғана емес, өзге де салмағы ауыр  жайттарға қатысты екендігін тілге тиек еткені бекер емес. Мысалы, А. Садықовтың үшінші тұлғалардың пайдасы үшін өз өкілеттілігін асыра пайдалану әрекеті анықталды.

Мұндайда этикалық нормаларды бұзу азаматтық құқықтық салаға көбірек қатысты болса, лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану құқық қорғау органдарының құзыретіне жататын құқықтық қылмыс болып табылады, сондықтан партия төрағасының мәлімдеуінде бұл фактілер көрсетілген жоқ еді», - дейді партия мәлімдемесінде.

Сурет akzhol.kz скрині.

АЙМАҚ ӘКІМДЕРІНІҢ БІРІ САДЫҚОВТЫҢ ҮСТІНЕН ШАҒЫМДАНҒАН!

«Бірақ, оның барлығы да пленумда талқыланып, Садықовтың әрекеттері партия беделіне нұқсан келтіруі мүмкін деген қорытынды шығарылды. Мәселе А.Садықовтың депутат ретінде мемлекеттік сатып алу процедурасына араласуы және өз таныстарының тендерлерде жеңіске жетуін қамтамасыз ету талаптары туралы болып отыр (әкімдердің бірінің А.Садықовтың мемлекеттік сатып алу нәтижелеріне ықпал етуге тырысқаны жөнінде ресми хаттары қолымызда бар).

Адал бизнес пен шынайы бәсекелестікті қолдайтын «Ақ жол» демпартиясы осы жағдайды сараптай келе мұндай әрекеттер партияның Жарғысы мен Бағдарламасына қайшы келеді деп есептейді. Сонымен қатар, А.Садықовтың әрекеті сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау тәуекелдерін тудырады.

Талқылауға қатысқан А.Садықов әріптестерінің пікіріне мән бермей, депутат ретінде қандай да бір әрекет жасауға құқылы екенін айтып, өз қателігін мойындаудан бас тартты.

Осыған байланысты пленум оны партиядан шығару туралы шешім қабылдады. Пленумның өкілеттіктерін және қабылданған шешімнің заңдылығын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қабылдап, нәтижесінде А.Садықов депутаттық мандатынан айырылды.

Осылайша, А.Садықовтың өзіне қатысты шешімнің негізсіз екендігі туралы әңгімелері еш дәйекке сүйенбеген бос сөздер ғана», - деді «Ақ жол» партиясы.

Түйін: Осылайша, кешелі-бері әлеуметтік желіде экс-депутат Асқар Садықовтың төңірегінде айқай-шу тоқтамай отыр. Оған Садықовтың өзінің отқа май құйғандай өршітіп отырғаны себеп.

Экс-депутатқа байланысты толасыз сауалдарға байланысты партия жетекшісі Азат Перуашев екі кезек жауап берді. Онда Садықовтың бірқатар депутат этикасына сай келмейтін әрекет жасаған, тіпті қылмыс белгісі бар әрекеттері айтылып, бір ғана мысал (харрасмент) келтірілген.

«Қалған мәселелер қылмыстық белгісі бар болғандықтан, әрі құқық қорғау органдары әлі іс қозғамағандықтан айтылған жоқ еді. Өкінішке қарай Асқар Садықов байбаламын әлі тоқтатпай әлеуметтік желі арқылы партиямызға күйе жағып жатыр. Сондықтан біз «Ақ жол» демократиялық партиясының Ұлттық Кеңесінің А.Садықовқа қатысты хаттамасынан дәлел келтіре отырып, бұл мәселенін нүктесін қоюды ұйғардық», - дейді партия.

«Ақ жол» мәлімдемелерінен түйгеніміз: Аймақ әкімдерінің бірі «Ақ жол» партиясына хат жолдап, Садықовтың тендерді өз пайдасына шешіп беруді талап еткені анықталған. Оған жыныстық си паттағы хаттардың шуы қосылып, ақыры Садықов партиядан шығарылған. Әрі қарайғысы құқық қорғау органдарының жұмысы.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371