«Қазақстанның солтүстігін қарпып қалуымыз керек»
Ресейдің әсіре белсенді саясаткері Эдуард Лимонов (суретте) «Қазақстанның солтүстік аймағын қарпып қалу керек» деп жатыр. Лимоновтың бұл сөзі бүгін интернет басылымдар мен барлық әлеуметтік желілерде желдей есіп жүр.
«Назарбаев шау тартты, - дейді ол. – Оның үстіне осыдан екі-үш жыл бұрын еліндегі жұмысшылардың оққа ұшуына жол беріп, барлық беделінен айрылды. Назарбаевтың ізін жалғастырар мұрагері де жоқ сияқты».
Өзін саясаттағы қаршығаға теңейтін ол Путинді көгершін деп отыр. Лимоновтың ойынша, Путин-көгершін Қазақстандағы қиын ахуалды пайдалана алмай отырған көрінеді. Лимоновтың «Қазақстандағы қиын ахуал» дегені доллар бағамының өзгеріп, теңгенің кезекті рет құнсыздануы болса керек. Сондай-ақ ол Украинадағы қақтығыстарды да Ресейдің территориясын кеңейте түсу үшін пайдалану керек дейді. «Бұрынғы Совет Одағына қараған екі республикадағы қазіргі толқулар мені қатты қуантады», - деп ағынан ақтарылады орыс саясаткері. «Қазақстанның солтүстігіндегі өзіміздің қалаларды қазір алып қалуымыз керек». Лимоновтың баспасөз арқылы Путинге берген бүгінгі кеңесі осы болды.

Лимоновтың бұл сөзі біздің мемлекеттік тұтастығымызға нұқсан келтіретін сөз екені бесенеден белгілі. Осыдан 10-15 жыл бұрын еліміздің солтүстігіне байланысты Солженицин де осылай деген еді. Әзірге ресми Астана Лимоновтың сөзіне орай пікір білдіре қойған жоқ.
Abai.kz