Садық СЫМАҒҰЛОВ. Герекеңнің «шепуқасы», биліктің петуқасы болды
Аса құрметті, Гереке! «Жас Алаш» газетіндегі (№10 11 Ақпан 2014 ж.) «Мәңгі еліміз» әңгі елге айналып кетпей ме?» деген удай уайымға толы, запран құстырар ойларыңызды бөліскеніңізге бек риза болдым. «Шепуқаңыз» петуқа болып кукарекулеп биліктің мазасын алып тұр. Әңгі – есекке қатысты сөз екені белгілі. Әңгі болып «Оян, қазақ» деп ақырғанымызға 100 жылдан асты. Бір қазақ оянбады. Оянғандары атылып кетті. Оянбағандары қалғып, мүлгіп «шүкір» деп әлі жүр. Олар өздерін «зиялымыз» деп Советтік идеалогияның жемісі екенін мақтаныш тұтады. Сіз денсаулығыңызға байланысты «шүкір» дейсіз, ал, қазақ қоғам азып тозса да әлі әзір ішер шәйіміз бар ғой деп «шүкір» дейді. 2020, 2030, 2050 жылы заман жақсарады деп дәмеленеді. Бәрі «шүкірдің» арқасы. «Күн көсемнің» шығарып салма «дейдісіне» әбден үйрендік. Алтынбек, Заманбек құсап атылып кеткеміз жоқ. Оған да «шүкір». Артында іздеушісі жоқ ел жаман деген осыдан қалған. Сол жаман елдігімізден 22 жылда мәгүрт ел болып қалыптастық. Өйткені, бізді мәңгүрттіктен құтқаратын оқу-ағарту саласында өзіңіз айтқандай 12 министр ауысып жас буынға мәңгүрттіктің уын сеуіп кетті.
Аса құрметті, Гереке! «Жас Алаш» газетіндегі (№10 11 Ақпан 2014 ж.) «Мәңгі еліміз» әңгі елге айналып кетпей ме?» деген удай уайымға толы, запран құстырар ойларыңызды бөліскеніңізге бек риза болдым. «Шепуқаңыз» петуқа болып кукарекулеп биліктің мазасын алып тұр. Әңгі – есекке қатысты сөз екені белгілі. Әңгі болып «Оян, қазақ» деп ақырғанымызға 100 жылдан асты. Бір қазақ оянбады. Оянғандары атылып кетті. Оянбағандары қалғып, мүлгіп «шүкір» деп әлі жүр. Олар өздерін «зиялымыз» деп Советтік идеалогияның жемісі екенін мақтаныш тұтады. Сіз денсаулығыңызға байланысты «шүкір» дейсіз, ал, қазақ қоғам азып тозса да әлі әзір ішер шәйіміз бар ғой деп «шүкір» дейді. 2020, 2030, 2050 жылы заман жақсарады деп дәмеленеді. Бәрі «шүкірдің» арқасы. «Күн көсемнің» шығарып салма «дейдісіне» әбден үйрендік. Алтынбек, Заманбек құсап атылып кеткеміз жоқ. Оған да «шүкір». Артында іздеушісі жоқ ел жаман деген осыдан қалған. Сол жаман елдігімізден 22 жылда мәгүрт ел болып қалыптастық. Өйткені, бізді мәңгүрттіктен құтқаратын оқу-ағарту саласында өзіңіз айтқандай 12 министр ауысып жас буынға мәңгүрттіктің уын сеуіп кетті. Біреуі жақсы атақпен кеткен жоқ. Қазіргі 22-23 тегі балаға астында қымбат машина болса, түнгі жын ойнақтың клубы болса, «күн көсемнен» жақсы адам жоқ. Қоғамның не екенін түсінбейді. Машинасымен соғып кісі өлтірсе, әкесі ақша беріп судан таза, сүттен ақ етіп құтқарып алады. Шүкір, баламды құтқарып алдым дейді. Баласы миллиондаған ақшаның қайдан келіп жатқанын білмейді. Екеуміз үйде жатып «шүкір, тәуба» дейміз. Басқа амалымыз жоқ.
«Совет одағына рақымет айтқаныңызды» құптаймын. Совет одағындағыдай білім беру жүйесі жоқ. Сөлекбайлар туралы да анығын айтқансыз. Ол сөлкебайлар совет одағынан қалған жүйенің сарқыншағы, аттары да қызық: «Барыс» «Парасат» тағы қандай еді, тізеге жетпесе де кіндікке жетіп салбырап тұрады. Сізге берген «Парасаттан» кейін елдің парасаты ашылып тисе терекке, тимесе бұтаққа дегендей жағымпаз «жопекеңдердің» көбейгенінің басты белгісі. Батыр дейін десек, соғысып жатқан соғысы жоқ, ер дейін десек, мемлекеттің 150-200-ден төл алып баққызып жатқан қойы жоқ. Егізден туып жатқан биесі, 300-400 литрден сүт беріп жатқан сиыры жоқ.
Надандар мен мәңгүрттер жайлаған елде кешегі советтік партократтар «дүмше молдалар» болып алды. Тіпті олардың сары ауыз балалары бір-бір министрліктің иесі болып алды. Дүмшеліктері сол, не істерін білмей бір кісінің ауызына қарап «тапсырмасын» орындайын десе «жолдауын» оқып түсіне алмай Құдайға жазып отыр. Надан болған сайын үлкен бастық болады екен, бұл ауру қайдан келгенін білмеймін деп көлгірсімеңіз. «Көргенімнен көрмегенім көп екен, гөй-гөй» деп өлең айтқан екен бір аталарымыз. Алда көретініміз әлі көп, Гереке! «Жоқ нәрсені дабырайтып көрсету» тәуелсіздіктің аксиомасына айналды.
Гереке! Реформа деген жалғыз жазушылар одағына ғана емес, тәуелсіздігімізге де керек. Нұрлан Оразалинге сөзін өткізе алмай жүрген «шәлдіректер» адам жанының инженері, елдің айнасы бола ала ма? Қалай «мәңгі ел» боламыз, бордай тозудың аз-ақ алдында тұрмыз. Мен жазушыларға баға беруден аулақпын, өзім өз болып Мұхтар Әуезовтың «Абайын», Ілияс Есенберлиннің «Қаһарын» ғана оқыппын. Сіздің «шепуқаңыздан» басқа шығармаларыңызды оқымаппын. Бұл сізді сырттай да болса танымаймын, білмеймін деген сөз емес, сіз туралы жазылғандарды көп оқыдым, содан да сізде энциклопедиялық білім бар екеніне көзім жетті. Соңғы жеті-сегіз жылда газет жұрнал беттерінен мағлұматым жетерлік. Сондықтанда орайы келгенде осы мақаланы жазып отырмын. Ғабит Мүсірепов ірі сөз шебері, өзінің шешендік мектебі бар, бильиярд маңына жиналатындардың қалжыңы, әзілі (кімдер екенін жазбай-ақ қойяын) жарасқан сөз майталмандары. Екі-үш жыл жиі кездесіп тұру бақытына ие болғанмын. Он ойланып, мың толғанып жазады екен. Оны да сыншылардың, «жопекеңдердің» жазғандарынан оқып білдім. Советтік жазушылардың басын қосқан М. Горький болса, қазақстандық жазушыларды баспаналы етуге сүт комбинатына бұйыратын ғимратты алып беріп одақ қылған Ғабиттің ғажап ерлігі деп білемін. Жазушылық мүмкіндігін ашуға, сіз сияқты жатып алып жазуға уақты болмады. «Жұлдыз» журналынан «Ұлпан» романы мен «Кездеспей кеткен бір бейне» деген әңгімесін оқығаным бар. Осы екеуі-ақ Ғабиттің кемел жазушы екенін айқындап тұр.
Гереке! Сіз саясатпен айналыспаған болсаңыз саясат сізбен айналысады. Сіз осыны жақсы түсінген адамсыз. Білім деңгейіңіз, философиялық ой толғамыңыз өзіңіз атап өткен ақын жазушылардан әлде қайда жоғары екеніне күмәнім жоқ. Сіз ұнатқан саясаткерлер емес, олар саясаттың орындаушылары. Бір кісінің ауызына қарап тұрған жүйеге тас кенеше жабысып қалған саясаткерлер ертеңгі күніне көз жүгірте алмайтын отыз алты картадағы «күн көсемнің» қолына ұстаған жандайшап козырлері.
Гереке! Жазушы деген мамандық иесі емес, талант иесі. Әдебиетші деген жазушының жазған шығармасын насихаттайтын мұғалім, мамандық иесі. Қиялың-фантазияң болмаса, жазушы бола алмайсың. Күшеншек ақын болғанша азамат болған мың артық. Екі қазақтың бірі ақын екеніне дауым жоқ. Бірақ, Қасым, Мағжан, Мұқағали бола алмайды. Жазушының да, ақынның да талантын ұштайтын институттың керек екені рас. Оған Тауман Амандосовтай, Темірбек Қожакеевтей дәріс беретіндер табыла ма? Сіздегі публистикалық талантты мойындайтын, қастерлейтін оқырмандарыңыз есіміңізді «мәңгі» сақтауға құштар-ақ.
Гереке! Жұмбақ өлім тәуелсіздігіміз кезінде жиілеп кеткеніне өмір сүргізіп отырған жүйе кінәлі екенін сіз жақсы білесіз. Неге «асықпау керек, араға уақыт салу керек» деп ақыл айтасыз? Темірді қызған кезінде соқпай ма? Желтоқсаншылардың сыры әлі ашылған жоқ. Оған Алтынбек, Заманбек, Ақселеудің өлімі қосылды. Оны білетін адамдардың бар екенін білесіз. Тым болмаса Балғабек Қыдырбекұлы құсап мен өлген соң жариялаңдар деп өсиеттеп , жазып тасқа бастырып кетпейсіз бе? Бүгінгі жүйе бірін бірі мақтаудан тұрады. Сіз кіргізген қазақ тіліне «жопекең» деген термин маған қатты ұнайды. Табан жалағаннан «жопа» жалаған дұрыс-ақ қой. Іштен қорытылып шыққан дәмнің исі бар, тым болмаса бір кекіріп қалады. Кекірік сасыған ауыздан не жөнді сөз шығады, бар ақылдан адастырып жібермей ме? «Ақылдың пұты деген бес-ақ тиын» деп Омар Хаям осындайдан айтқан екен ғой.
«Қазақстанды қалай құтқарамыз» деген сөзді айтатын адамдар өліп кетті. Олар Мұхтар Әуезов, Бауыржан Момышұлы, Жұбан Молдғалиев еді. Көзі тірі Мұхтар Мағауинді жер аударып жібердік. Ендігі түйсіксіздерден не сұрайсыз? Қазіргі билікте отырған жемқорлардың қазақстанға жаны аши ма? Ашымайды. Ұрлық қарлықпен жиған тергенімізді қалай сақтап қаламыз деп түн ұйқысы төрт бөлінеді. Ондай адамнан патриоттық сезім шыға ма? Шықпайды. Бүгін біз күстәнәләп отырған Д. Қонаев төрт бөлмелі үйде елмен бірге тұрып келді. Испанияда, Дубайда, Англия, Швейцарияда үйі жоқ еді, Л. Брежновпен дос болып, түкірігі жерге түспей тұрған кезде қос қабаттап бес үй салдырып алса да құдреті жететін еді. Бірақ өйтпеді. Ол елін ойлаған патриот еді. Қазіргілер жеке басының қамын ойлайды. Қазақстанның көгермей, көбеймей отырғаны сол. Осы айтылған пікірлерді қостап «Абай» сайтында, «ДАТ», «Жас Алаш» газетінде, «Қазақсыз Қазақстан» мақаласын жариялаған Мұхтар Мағауинге жоғары баға бергеніңіз, сіздің де деңгейіңіздің жоғары екенін көрсетеді.
Қазақстанды қазір дін жайлап кетті. «Ерінбеген етікші болады» дегендей діни имамдар көбейіп, көбіктеніп барады. Ал сіз нағыз мұсылмансыз. Сіз істеген мұсылманшылықты өзіңіз ерекшелеген «лютерманиндер» жасай алмайды. Сіз құсап қазы қарта жеп, жал жая шайнай алмайды. Лев Толстой болып «Война и Мир» «Анна Каренинаны» жазбасаңызда «Шепуқаңыздың» өзі не тұрады?! Н. Назарбаевқа жазған хаттың көкесі болып есептеледі. Қоғамға да, Назарбаевқа да Сіздің ақылыңыз ауадай қажет. Сіз көп оқисыз. Көп ойлар түйесіз. Сондықтан мәңгіліктен де, мәңгүрттіктен де сақтанатын жолдан тайып бара жатқанымызды ескертіп отырғаныңыз жө.
P.S. Жазушы, аудармашы Герольд Бельгердің сұхбатын мына сілтемеден оқи аласыздар: http://old.abai.kz/content/mengi-elimiz-engi-elge-ainalyp-ketpei-me
Abai.kz