Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3934 0 пікір 21 Ақпан, 2014 сағат 05:29

80 беттік сеңге соғылған құжат

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «көлеңкелі экономиканың көлемін азайту керек» деп талап қойған сайын оның арта беретін себебі неде?

Ресми мәліметтерге қарағанда, ЖІӨ 19 пайызы «көлеңкелі» айналыста жүр екен. Ал ресми емес мәліметтерге қарағанда бұдан да көп. Бұл жуық шамамен айналыстағы 44 миллиард доллардан түсетін салық бюджетке түспей «қашып» жүргендігін көрсетеді. Ал соншама салық бюджетке түскен болса қаншама әлеуметтік мәселелер шешілген болар еді.

Осы мәселеге назар аударған экономист-депутат Тұрсынбек Өмірзақов Мәжілістің соңғы отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевқа депутаттық сауал жолдады. Онда депутат 2012 жылы «көлеңкелі экономикаға» қарсы күрестің 2013-2015 жылдарға арналған 80 беттік Кешенді жоспары қабылданғанын еске салды. Бұл жоспарда «көлеңкемен» күреске 122 шара белгіленген екен. Соның 100-і 2013 жылы орындалуы керек-ті. Алайда  соның біреуі де орындалмай, Кешенді жоспар 80 беттік «өлі құжат» болып жатқан көрінеді. Депутат орындалмайтыны бар оны неге қабылдадық деген заңды сұрақ қойды.

Осыны айта келіп депутат Өмірзақов «көлеңкемен» күресті күшейту керек қой деген талап қойып және өзі осы күресте тиімді тәсіл ретінде төмендегі амалдарды ұсынды:

Біріншіден, кәсіпорындар мен фирмалардың еңбекақыны конвертке салып беруін тоқтату керек. Еңбекақыны осылай беру арқылы жұмыс берушілер зейнетақы қорына ешқандай төлем аудармайды. Сонымен қатар табыс салығын ұстамайды. Сайып келгенде бюджетке түсуге тиісті қаражат жалтарып кетеді. Сондықтан осы шаруаға қарсы тиімді шара қолданылуы керек. Ол жаңа әкімшілік кодексте көрсетілгені жөн. Тиімді шара – үлкен көлемдегі айыппұл бола ма, әлде жұмыс берушінің лицензиясын қайтарып алу бола ма, әйтеуір ол өте қатаң болғаны дұрыс.

Екіншіден, дейді депутат, Қазақстанның зор байлығы қазір оффшорлы зоналарға (жеңілдетілген салықты) ағылып жатыр. Мәселен, Виргин аралдарына 3,6 млрд., Сейшель аралдарына 2,6 млрд., Кипрге 1,9 млрд. доллар және т.б. қазақстандық қаражаттар аударылыпты. Енді Ресей де Қиыр Шығыста оффшор зона ашпақшы. Қазақстанның қалған байлығы сонда кетеді дей беріңіз. Сондықтан, оның алдын алу үшін өзіміздің елімізде неге оффшорлы зона ашпасқа? Біздің елімізде бірнеше арнаулы экономикалық зоналар бар ғой, соның бірін оффшор зонаға айналдырсақ, сыртқа ағылған ақша іште қалар еді, дейді депутат.

 Тұрсынбек Қазенұлының назар аудартқан үшінші мәселесі букмекерлік контораларға қатысты болды. Депутаттың айтуына қарағанда қазір еліміздегі букмекерлік бизнес қауырт өсіп бара жатқан көрінеді. Алайда олардың төлеп жатқан салығы өте мардымсыз, тіпті жоқ деуге болады. Сондықтан осы салаға қатты назар аударып, олардың салықтан жалтармауын қадағалайтын құжат дайындалуы керек. Онда бұл бизнестің салық көлемінің арттырылғаны да қарастырылсын, деді депутат.

 «Өзің білмесең білгеннің тілін ал» демекші Ерболат Досаев мырза осы ұсыныстарды аяқсыз қалдырмаса екен деп тілейік.

Марина КАКИМАКИ, журналист

Abai.kz                   

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320