Талғат Рахымбаев. Жастар саясатындағы жемқорлық
Анау деп, мынау деп әңгімені көбейтпей мақаламды бір ғана сұрақтан бастағым келіп отыр. Қазақстандағы жастар саясатының қазіргі жағдайы қалай?
Енді осы сұраққа өзімше жауап беріп көрейін.
«СЫРА КОРОЛІ» МЕН «ХАРЛЕМ ШЕЙКШІ ЕРКЕ ТОТАЙ»
Қазақстандағы жастар саясаты туралы сөз болса көз алдымызға Нұрлан Өтешев (1-нші суретте) қана келетінін жасырып қайтейік. Оның есімізде қалып қойғаны қиратып шаруа жасап, жастардың бір проблемасын қалдырмай шешіп бергенінде емес, керісінше, түк бітірмегенінде. Нұрлан Өтешев десек, соның қалыңдығы сияқты елестеп Бақыт Сыздықова да (2-нші суретте) ойға оралады. Қазақстандағы жастарды басқарған Нұрлан сыраны жарнамалап есте қалса, Бақыт есіріп, есі кетіп Харлем шейк билегенімен есте қалды.
КӨТЕРЕМ ҚОЙДЫҢ КЕБІ
Мемлекет жастар саясатын лайықты деңгейде жүргізу үшін жағдай жасамай отыр десек әбестік болар. Жағдайды жасап отыр. Жасаса қайда деп шамданып отырғаныңызды білемін.
Рас, қайда?
Анау деп, мынау деп әңгімені көбейтпей мақаламды бір ғана сұрақтан бастағым келіп отыр. Қазақстандағы жастар саясатының қазіргі жағдайы қалай?
Енді осы сұраққа өзімше жауап беріп көрейін.
«СЫРА КОРОЛІ» МЕН «ХАРЛЕМ ШЕЙКШІ ЕРКЕ ТОТАЙ»
Қазақстандағы жастар саясаты туралы сөз болса көз алдымызға Нұрлан Өтешев (1-нші суретте) қана келетінін жасырып қайтейік. Оның есімізде қалып қойғаны қиратып шаруа жасап, жастардың бір проблемасын қалдырмай шешіп бергенінде емес, керісінше, түк бітірмегенінде. Нұрлан Өтешев десек, соның қалыңдығы сияқты елестеп Бақыт Сыздықова да (2-нші суретте) ойға оралады. Қазақстандағы жастарды басқарған Нұрлан сыраны жарнамалап есте қалса, Бақыт есіріп, есі кетіп Харлем шейк билегенімен есте қалды.
КӨТЕРЕМ ҚОЙДЫҢ КЕБІ
Мемлекет жастар саясатын лайықты деңгейде жүргізу үшін жағдай жасамай отыр десек әбестік болар. Жағдайды жасап отыр. Жасаса қайда деп шамданып отырғаныңызды білемін.
Рас, қайда?
Мемлекет соңғы уақытта жастар саясатына ерекше мән беріп келеді. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі басымдылықтары «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңда және Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында көрсетілді.
Білім және ғылым министрлігі жанынан Жастар ісі жөніндегі комитет пен оның аймақтық басқармалары құрылды.
Осылайша мемлекеттік жастар саясатын ойдағыдай жүргізудің институционалды негіздері толық жасалды, бұл бағыт базалық қалыптасу кезеңінен өтті. Алайда қағаз жүзінде жастар саясаты керемет болып тұрғанымен, іс жүзінде ақсақтағанды қойып тұралап қалдық. Оған себеп мемлекеттік жастар саясатын жүргізудің тиянақты механизмі әлі күнге дейін қалыптасқан жоқ. Мемлекеттік деңгейде бұл бағыттағы міндеттерді жүзеге асырудың механизмдерін қалыптастыруға ұмтылыс та жасалмаған сияқты.
Мемлекет тарапынан жастар саясатын жүргізуге жыл сайын қомақты қаржы бөлініп келеді. Бұл саланы қаржыландыру жылдан жылға артпаса кеміген емес. Мәселен, 2012 жылдан бастап жыл сайын орта есеппен 1,5 млрд. теңге көлемінде қаржыландырылып келеді. Қаржы артса да қоғамда жастар мәселесіне қатысты қордаланған мәселелер де азайған жоқ.
Бұл қаржының қайда кетіп жатқанын ашып айтпаса да, ішіміз сезеді. Ақша министрлік пен комитет басшылығының өздері құрып алған қуыршақ ұйымдарға құйылып, сол қуыршақтар арқылы талан-таражға түсіп жатыр. Мемлекеттік жастар саясатына бөлінген қыруар қаржы үркердей топтың жеке бизнестеріне айналғалы қашан. Билік алдында жауап бермесе де ар алдында, тарих алдында жауап берер күн туады.
1,5 млрд. теңге аз ақша емес. Бірақ сіз бен біз осынша ақшаға қандай шаруалардың жасалып жатқанын көзіміз көріп жүр ме? Жастардың арасындағы жұмыссыздық, нашақорлық, маскүнемдік азайды ма? Салафизм сияқты, ислам атын жамылған радикалды бағытты ұстанушы жастарымыздың саны күннен күнге артып келеді. Бұл үрдіс тоқтамаса сол жастар мемлекеттің тұтастығына, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруі әбден мүмкін.
ФАКТІЛЕР СӨЙЛЕЙДІ
18 ақпан күні Қаржы полициясы ҚР Білім және ғылым министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты 3 қылмыстық іс қозғағандығы туралы ақпарат таратылды. Қылмыстық істің қозғалуына 2012 жылы Ақтөбе, Атырау, Талдықорған және Шымкент қалаларында балалар-жастар қозғалысын дамытуға бөлінген 26 млн. теңгеге жуық бюджет қаражатын ысырап ету фактісі негіз болған.
Осыған дейін 2013 жылғы қыркүйек-қазан айларында Қаржы полициясы ҚР Білім және ғылым министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында және Алматы қаласында балалар мен жастар қозғалысын дамытуға бөлінген 33 млн. теңгені ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағандығын хабарлаған болатын.
Осылайша бұл қылмыстардан келтірілген залал мөлшері 59 млн. теңгені құрады.
Бұл былық-шылық 2012 жылы орын алған. Сол кезде аталған бағытта жұмыс жүргізген Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Нұрлан Өтешев болатын.
Дәніккеннен құныққан жаман деп атам қазақ бекер айтпаған. Ел жастарына деп бөлінген мемлекеттің 60 млн.-ға жуық қаржысын талан-таражға түсуіне қатысы болуы мүмкін, «Қарағанды сырасының королі» қазіргі таңда Англияда оқуда жүр.
Ең қызығы, Нұрлан Өтешевтің елдің қазынасына қол салғандардың бәрінің «атамекеніне» айналған Лондоннан сая табуы кездейсоқтық па? Бұған дейін бұл қаланы Бергей Рысқалиев, Мұхтар Әбілязов, Рахат Әлиевтердің мекен еткенін білеміз.
Оқу оқысын, білім-ғылым жинасын, шаруамыз жоқ. Бірақ Нұрекең бұл жолы да мемлекеттің ыстық қолдауына ие болған екен. Олай дейтініміз Өтешев Англияда «Болашақ» бағдарламасы арқылы бюджет (сіз бен біздің салығымыз) есебінен оқып жатыр.
Нұрланның аталған 59 млн. теңгеге қатысы бар ма, жоқ па оны құзырлы органдар анықтасын. Бірақ қатысы жоқ болса Өтешев неге ашығын айтып мәлімдеме жасамайды?
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ЕРТЕГІЛЕРІН… ӨЗІМ БІЛМЕГЕН…
Кезінде «Ана тілі» газетінің тілшісі Нұрлан Өтешевтен «Сіз әдеби кітаптар оқисыз ба? Соңғы оқыған кітабыңызды атаңызшы», - деп сұрақ қойыпты.
Сөйтсе Нұрлан былай деп жауап беріпті:
– Әдебиет оқып жатам… Коп оқуға… оған… уақыт көп болмай жатады. Сонда да тырысқанымыз… Сонғы оқығаным… Шынғыс Айтматовтың фантастика саласын зерттеп жатырмын. Орысша.
– Ал қазақша ше?
– Оқимын… Енді ол өзінше Сейфуллиннін… Қазіргі кезде баламмен қайта оқып жатырмын. Ол бірінші сыныпқа барған… Ыбырай Алтынсариннің ертегілерін… өзім білмеген…
Нұрланның ой-санасының, қазақылығының сыйқы осы. 22 жыл Тәуелсіз Қазақ елінде өз ұлтының ана тілінде сөз сөйлей алмаған жігіт 2 жылда ағылшынның түбін түсірем деп жүр ме?
ҒАБИДОЛЛА ОСПАНҚҰЛОВ ДЕГЕН КІМ ӨЗІ?
Жақсы, Нұрланның нұрлы жолы осындай болыпты.
Жастар ісі жөніндегі комитеттің қазіргі төрағасын білесіз бе? Ғабидолла Оспанқұлов (3-нші суретте) есімді естіп көріп пе едіңіз? Ол төраға болғалы 1 жылдан асты. Не істеді, не тындырды, өзі біледі. Біз білмейді екенбіз.
Нұрлан Өтешев өз кезінде мән жоқ, мағына жоқ, өздері түсінбесе жұрт түсінбейтін жетім жобаларды бірінен кейін бірін топырлатып тастап, БАҚ-та аракідік пайда болып тұратын.
Мына Ғабидоллада ол да жоқ екен. Қоғаммен байланыс дегенді біле ме екен бұл жігіт?
Күмәнім бар. Ғабидолла кім? Оның жастар саясатына не қатысы бар?
Дәу көкелерінің портфелін сүйреп, лифтілерін шақырып беріп, безектеп қолды-аяқты бала боп жүрген жігіт министрліктерде әр түрлі қызметтерде секеңдеп жүріп, бір күнде комитет төрағасы болып шыға келді. Қандай ерекшелігі үшін, қандай еңбегі үшін? Қазақ жастарына не істеп еңбегі сіңген еді? Осы жігіт жастардың мәселелерін біле ме екен?
Жақында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін 2 мәрте Парламентке жіберіледі. Заңға енгізілетін өзгерістерді білеміз бе? Жоқ. Халықпен ақылдасты ма? Жоқ. Қоғам пікірін сұрады ма? Жоқ. БАҚ-пен жұмыс жолға қойылған ба? Жоқ. Біз білмейміз не істеп, не қойып жатқандарын.
Ғабидолла Оспанқұлов төраға болған 1 жылдан астам уақыттың ішінде не бітірді? Естуімізше оның қарамағындағылармен соттасудан қолы босамай жүрген көрінеді. Егер соттасып, дау-дамаймен уақыты өтіп мемлекеттік маңызға ие бағыт – жастар ісімен айналысуға қолы тимесе орнынан кету керек те, соттасса ма, боқтаса ма, өз еркі.
Демек, Ғабидолла Нұрлан салған соқпақтан аса алмаған екен. Жұмыс істеу форматы да, стилі де өте ұқсас. Нұрлан өз кезінде Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасын әзірлеу кезінде қазақ тілін менсінбегені үшін жас қауымнан оңбай таяқ жегені есімізде.
ТІЗЕСІ ШЫҚҚАН ЗАҢ ЖОБАСЫ
Естеріңізде болса 2012 жылдың наурыз айында Нұрланның командасы дайындаған жастар саясаты туралы заң жобасы Парламент Мәжілісінен өтпей қалған болатын.
Сол кезде депутаттар заң жобасын қатты сынға алған болатын. Солардың ішінде қарсы пікір білдіргендердің бірі Дариға Назарбаева болды. Мәжіліс депутаты "Когда я смотрела и читала этот законопроект, у меня такое было ощущение, что из этих страниц веет нафталином, настолько он мне показался морально устаревший. И первое мое желание было действительно либо вернуть, либо надо заново совместно с Министерством образования и науки готовить новую концепцию и ее широко и публично обсуждать",- деген болатын.
Депутат Мұхтар Тінікеев болса: "Если мы сейчас возьмем этот закон в работу, то на нас обрушится шквал критики со стороны молодежи, потому что этот закон ничего нового не несет для молодых людей. Нет революционных изменений в данном законе. В этом законе мы пишем: "В рамках законопроекта предлагается развитие студенческих советов и клубов по интересам". Да молодежь сама знает, какие клубы и какие советы ей организовывать. Зачем нам в закон это впихивать?" – деген болатын.
Осындай қатаң сындардан кейін де бұл салада ешқандай өзгеріс орын алмады. Басшы ауысса да ескі сарын жалғасын тапты.
Нұрланның қазақ жастарына бергені шамалы болса да жастардан қалтасына алғаны аз емес. Ғабидолла да Өтешевтің «откатный-өткелімен» кетпесе екен деп тілейміз.
Білім және ғылым министрлігіне жақында ғана басшы болып келген Аслан Сәрінжіпов ұмыт қалған жастар қауымын есіне түсірсе екен. Өйткені оның есіне түсіріп отыру керектілердің сиқы анау. Жаңа министр кадр мәселесінде жалтақтамай дұрыс шешім қабылдаса екен дейміз.
Abai.kz