Сенбі, 12 Сәуір 2025
Әне, көрдің бе? 2310 1 пікір 17 Қыркүйек, 2024 сағат 15:30

Құлыбаев кетіп, Рақышев пен Ибрагимовтер келді...

Коллаж dalanews.kz сайтынан алынды.

Кәсіпкер Кеңес Рақышев пен Шухрат Ибрагимов "Шұбаркөл премиум" компаниясының 10 пайыз үлесін сатып алды. Бұл туралы Forbes.kz-ке сілтеме жасап Abai.kz ақпараттық порталы жазды. 

Акционерлер құрамындағы өзгеріс 13 қыркүйекте болған. Компания иелері тізімінен үш адам шығарылған.

Біріншісі Joint Resources АҚ - Тимур Құлыбаевтың компаниясы, ол 67 пайыз акцияның иесі болған.

Екіншісі Joint Resources ЖШС - Құлыбаевтардың серіктесі Раушан Сагдиеваның компаниясы және Trans Coal Investment Group ЖШС. Компания басшылығы не үшін ауысқаны және орнына Рақышев пен Ибрагимов не үшін келгені әзірге белгісіз.

"Шұбаркөл Премиум" - көмір өндіруші компания, Қарағанды облысындағы Шұбаркөл кен орнында орналасқан.

Айта кетейік, Forbes деректері бойынша, Кеңес Рақышев 75 ең бай қазақстандықтың ішінде 19-орында тұр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1802
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4605
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3627