Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5393 0 пікір 28 Ақпан, 2014 сағат 04:50

Бейсен Ахметұлы. Абай бол! Ала ту...

Орыстың ала туы желкемізде желбіремесін десек, халықтың табиғи өсімін арттыруға қолайлы жағдай жасап, қазақ көшінің бетін бері қарай қайтадан бұруымыз керек!  Халықтың көбеюі – мемлкеттің дамуын алға жетелейтін  өндіргіш күш. Ал ұлттық басымдылық – ұлттық қауіпсіздіктің кепілі.  Міне бұл тарих дәлелдеген шындық.  Адам капиталы сатып алуға болмайтын инвестиция, ұлттық қауіпсіздікке саятын маңызды түйін.

Орыстың ала туы желкемізде желбіремесін десек, халықтың табиғи өсімін арттыруға қолайлы жағдай жасап, қазақ көшінің бетін бері қарай қайтадан бұруымыз керек!  Халықтың көбеюі – мемлкеттің дамуын алға жетелейтін  өндіргіш күш. Ал ұлттық басымдылық – ұлттық қауіпсіздіктің кепілі.  Міне бұл тарих дәлелдеген шындық.  Адам капиталы сатып алуға болмайтын инвестиция, ұлттық қауіпсіздікке саятын маңызды түйін.

Украинада соңғы оқиғалар Украина елінің тоз-тозын шығаруда. Саяси санасы таяз оппозиция мен әсіре еуропашылдық, ұлтшылдық Украинаны үшке бөлді. Ал орыс тілді халық басым тұратын шығыс облыстар да украиндердің бұл алауздығын кешірмеуде. Онсызда Ресейдің ықпалымен кеудесіне нан піскен орыс ұлтшылдары Укарина билігіне ашық қарсылыққа шықты, оған Украинаның жаңа билігіне қарсылар мен «Еуромайданды» қолдамайтын топтар да қосылды.  Тіптен орыстар Қырым Автономиялы Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Кеңеске туларын іліп тастады. Егер  демократияның заңдылығына жүгінсек, алда болатын референдумда орыс халқы 58 пайызын ұстайтын Қырым Укаринадан тәуелсіздік алуы мүмкін. Сөйтіп бірден Ресейдің құрамына кіріп кетуі ықтимал. Бұл оқиға орыстар мен орыс тілділер әліде басым тұратын Қазақстанның солтүстік облыстарын  шарпып өтуі кәдік деген ойға қалдырады. Өйткені орыс депутаттары мен орыс ұлтшылдары Ресейде ашық мәлімдемелер жасап, Қазақстанның солтүстік облыстарын өздеріне қосып алуға талпынып жатыр. Егер солтүстік обылыстарымызда шошаң етіп бір топ орыс көшеге жиналып, үкіметтің әлеуметтік мәселелер бойынша қинап отырғанын сылтау етіп ереуілге шыға қалса болды, шекараның аржағында аңдып отырған орыстар еш қиындықсыз қаптап келіп, қолдап, шуды бір-ақ шығарады. Дәл солай бола қалса,  билік Жаңаөзендегідей оқ ату былай тұрсын, дауыс көтеріп сөйлей алмайтын болады. Ондай келеңсіздіктің алдын алып, бетін қайтарудың  жалғыз жолы – Елбасымыз өзі бас болып қолға  алған «Нұрлы көштің бұйдасын» солтүстік облыстарға апарып бірақ байлау. Қандастар туралы жаңа қаулы шығарып, кешенді түрде жұмыс жасау керек. Осы сөзімізге орай бірер мысал келтірейік:

Армения

Лиевон Айрапетян есімді ресейлік бизнесмен «Қарабақтың халқы 300 мыңнан кем болмауы керек» деп, үлкен қайырымдылық шарасын қолға алыпты. Бұл – жас отбасыларда дүниеге келетін бірінші балаға - 2 мың, екінші балаға  - 3 мың,   үшінші балаға - 5 мың, төртінші балаға - 10 мың,   алтыншысына – 50 мың,   жетіншісіне  - 100 мың АҚШ доллар беретінін жарялаған әрі бастап бере бастаған адам. Осы  мәрт әрі патриот армян жігіті біздің байларға неге үлгі болмасқа?
  «Жүз мың доллар деген бүкіл бір отбасының өміріне өзгеріс енгізе алатын үлкен ақша, сондықтан, жастар бала санын жетіге жеткізуді шынымен ойластырып жұр», - дейді бізбен әңгімесінде Лусиние. 
(Мұхтар Жанұзақұлының журналистикалық зерттеу мақаласынан үзінділер)

Әзербайжан

2013 жылы 28 желтоқсанда  Азербайжан республикасы Ұлттық Мәжілісінің ұсынысымен  5 бала тапқан әйелдердің әр бала басына 30 евродан жалақы төлеуді бекітті.  Бұл заң 2014 жылдың қаңтарынан бастап күшіне ие болады. Міне адам капиталының құнын түсінген елдер осылайша жан санын өсірудің қамына кірісті.

Қытай Халық Республикасы

Қытай елі 2013 жылы қараша айында өткен әлемдік қытайлардың жиналысында қытайларды қытайға оралып, отанды гүлдендіруге шақырыды. Қытайларды қолдаудың заң жүзінде жүзеге асқанына 50 жыл болғанын еске алсақ, осы жылдарда 2  миллионнан астам  қытай жасы қытайға оралып тегін университет оқып үлгірген. Ал қытайға оралғандар саны одан  оннеше есе  көп. Орыстардың да бұл жағындағы саясаты бізден жарты ғасырға алда екенін енді түсініп отырмыз.

Міне, бұл оқиғалар мен мысалдар Қазақстанның қандастар мәселесін қайта көтеруіне жеткілікті себеп. Қазақ Үкіметі квотасын бермей-ақ қойсада, азаматтық алу мәселесін бірден жеңілдетіп, барлық кедергілерді алып тастаса болды, бауырларымыз жан-жақтан қаптап кеп құйылар еді. Ал, қазақ көші қазір қиыр жайлап, шет қонған қазақтарды көшіріп алып оларға қайырмдылық жасау немесе еліміздегі жансанын арттыру емес, мемлекетіміздің тұтастығы мен ұлттық қауіпсіздікті нығайту шараларына ұласып барады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963