Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Ауыс-түйіс 1274 0 пікір 24 Қыркүйек, 2024 сағат 14:39

Ақорда Қорғаныс саласында ауыс-түйістер жасады

Сурет Азаттық радиосының телеграм арнасынан алынды.

Қазақстан Президенті ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысын ауыстырды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Нұртас Дәулетұлы Қабақов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды», - деп жазылған Президент Жарлығында.

Бұл лауазымға Қайрат Сапарбекұлы Дәуітов тағайындалды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Сапарбекұлы Дәуітов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», - деп жазылған Президент Жарлығында.

Ашық дереккөздеріндегі мәліметке сәйкес, Дәуітов 2022 жылдан бері Алматыдағы радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерия институтының басшысы болған. Оған дейін ұзақ жыл әуе қорғанысы күштерінде істеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963