Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Деп жатыр 2972 0 пікір 24 Қыркүйек, 2024 сағат 14:44

Қазақстан шетелден қандай тікұшақтар сатып алады?

Сурет Википедиядан алынды.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов шетелден қандай тікұшақтар сатып алынатынын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, болашақта 20 өңірде 20 авиажасақ құрылады деп жоспарланып отыр.

Нәтижесінде қауіпсіздік қамтамасыз етіледі, кадрлар даярланады. Жас мамандар ұшқыш мамандығын меңгереді, - деді Шыңғыс Әрінов Үкіметтің баспасөз орталығында.

Министр лизинг арқылы тікұшақтар сатып алу жоспарда барын жеткізді.

Қазір біз лизинг арқылы 3 Ми-8 АМТ тікұшағын және 4 Ка-32 тікұшағын аламыз. Осылайша, тәуелсіз Қазақстан тарихында бірінші рет L-410 атты 4 Чехия ұшағын сатып алуды жоспарлап отырмыз. Оларды батыс, шығыс, солтүстік және оңтүстікке қоямыз. Соның арқасында тапсырмаларды орындаймыз деп ойлаймын. Нәтижесінде деңгейіміз өседі, - деді ведомство басшысы.

Алайда министр ұшақ пен тікұшақты сатып алуға жалпы қанша сома қарастырылғанын нақтыламады.

Айта кетейік, бұған дейін елдегі су тасқынынан кейін ұшқыштар ауа райы қолайсыз кезде де ұшып үйренетіні айтылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1016
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2559
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 710
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 676