Иса Момбаев, заңгер. Шекара бекеті қандықол қарақшының атымен аталмауы керек!
Суретте: Кондюрин Василий
Хабарасу -Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай және Үржар аудандарының жерінде, Қытайға шекаралас орналасқан, Тарбағатай жотасының шығыс бөлігіндегі асу.
Қазақстанның Қытаймен арадағы шекараны заңдастырған «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 15 маусымдағы Жарлығына сәйкес, Тарбағатай жотасының (қытай картасында Таэрбахайшань тауы) қырқасындағы мемлекеттік шекара желісі он алтыншы нүктесінен он жетінші нүктесіне дейін осы Хабарасу арқылы созылып жатыр.
Осы аралықтағы мемлекетіміздің шекарасын күзететін және қорғайтын, еліміздің егемендігін, аумақтық тұтастығын қамтамасыз ететін Зайсан шекара отрядының заставасы Кондюрин Василий Васильевич дегеннің атымен аталады.
Кондюрин Василий Васильевич деген кім?
Өткен ғасырдың отызыншы жылдарының басында солақай саясаттың салдарынан туған зобалаңда қазақтардың жан сауғалап арғы бетке – Шығыс Түркістанға қарай ауғаны тарихтан белгілі.
Суретте: Кондюрин Василий
Хабарасу -Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай және Үржар аудандарының жерінде, Қытайға шекаралас орналасқан, Тарбағатай жотасының шығыс бөлігіндегі асу.
Қазақстанның Қытаймен арадағы шекараны заңдастырған «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 15 маусымдағы Жарлығына сәйкес, Тарбағатай жотасының (қытай картасында Таэрбахайшань тауы) қырқасындағы мемлекеттік шекара желісі он алтыншы нүктесінен он жетінші нүктесіне дейін осы Хабарасу арқылы созылып жатыр.
Осы аралықтағы мемлекетіміздің шекарасын күзететін және қорғайтын, еліміздің егемендігін, аумақтық тұтастығын қамтамасыз ететін Зайсан шекара отрядының заставасы Кондюрин Василий Васильевич дегеннің атымен аталады.
Кондюрин Василий Васильевич деген кім?
Өткен ғасырдың отызыншы жылдарының басында солақай саясаттың салдарынан туған зобалаңда қазақтардың жан сауғалап арғы бетке – Шығыс Түркістанға қарай ауғаны тарихтан белгілі.
"Совет өкіметі босқан жұртты өткізбеу үшін шекара жолдарын бітеп тастаған. Күзет мықты, қашқындар мен босқындардың ендігі амалы-Нарын өзені арқылы өту. Бірақ бұл аса қиын жол. Шұбырған ел ертең шекарадан өтпек ниетінде екі таудың аралық шатқалында түнеп жатқан еді. Кенет таудың екі қапталынан пулемет оқтары борап кеткені. Сасқан адамдар асау өзенге күмп берісті. Аналарына оқ тиген жас нәрестелер бесігімен ағып кете барды. Құрбандықтың молдығынан өзен суы қаңсырап ақты", деп осы оқиғаны жазушы Ахмет Жүнісұлы "Нарынның суы қызарды" повесінде жан түршіктіре суреттейді. (Ахмет Жүнісұлы, "Боғда", Астана, "Фолиант" баспасы,2004 жыл). Қырғын болған жерді, көмусіз қалған қу сүйектердің көптігінен, жергілікті халық "көп сүйек" атап кеткен деседі. Сол кезде шекара жолында босқындарды, жас демей, кәрі демей, әйел демей, бала демей, пулемет қойып қырған қаскүнем жауыз осы Кондюрин болатын.
Осы тақырыпты кеңінен зерттеген белгілі айтыскер ақын Қалихан Алтынбаев пен журналист Ерғали Жұмахан былай деп жазады: «Застава отрядының командирі Кондюрин аса мейірімсіз, қанышер адам болыпты. Шекарадан бері қарай немесе әрі қарай асып бара жатқандар қолға түссе сотсыз, тергеусіз атып тастай берсе керек. Жәй өлтірсе, бір сәрі,атылған қазақтың біреуін екіншісінің үстіне айқара салып, өзі өліктердің үстіне отырып, жайланып шылым шегеді екен. Қыз-келіншек қолға түссе, құдайының бергені. Күйеуінің, ата-енесінің көзінше не өзі, не қарауындағы шекарашыларға зорлатады. Шектен тыс жауыздығы өзінің түбіне жетіпті ақыры. Тәуекелге бел буған үш жігіт параға емексітіп, алдап, оңаша шығарып алады да, кескілеп өлтіреді. Итке-ит өлімі. Жауызға соның өзі сауап еді. Амал не, ұлыдержавалық шовинистік саясат жайлаған ол кезде застава Кондюрин атына қойылды. Сол Кондюринді өлтіруші үш жігіттің біреуі Қыржы руынан шыққан Әбіш Шәріпов 1990 жылы Сұлутал кеңшарына келіпті. Жасы тура 92-де. Жүрісі әлі тіп-тік. Сөзі түзу. Қатарынан ешкім қалмаған. Тек екі кемпір ғана танып, амандасыпты. Әбіштің басынан кешірген хикаясы бір кітапқа жүк боларлық. Кондюринді өлтірер алдында Көкпекті түрмесінен қашып шыққан екен. Қызылтасқа келіп, қызыл комиссар Кенесары Бакиннің басы артық тапаншасын қорқытып алып кеткен. Кондюрин өлген соң қашып Алтай өлкесіне барыпты. Сонда фамилиясын өзгертіп, басқа құжат алыпты. Сол жақтан Отан соғысына аттанған. (Қалихан Алтынбаев, Ерғали Жұмахан. «Ақсуат. Құнарлы топырақ, құдіретті ұрпақ». «Ер-Дәулет» ақпарат агенттігі. Алматы-1998 жыл.)
Қолдан батыр жасау түкке тұрмайтын совет заманында көрінде өкіргір кәззап Кондюрин ел қамы үшін жаумен айқасқан ержүрек жауынгер атанды. 1974 жылы ол туған Ресейдің Қорған облысының Шадринск қаласындағы Набережная көшесіне оның аты берілді. 1929 жылға дейін тұрған үйіне «Сын учителя, Василий Васильевич Кондюрин (1907-1931), герой-пограничник, погиб, защищая государственную границу СССР. Его именем названа пограничная застава» деген жазумен портрет-барельефы бар мемориалдық тақта орнатылды. Ол туралы кітаптарда: «13 сентября 1930 года командир отделения 23-летний Василий Кондюрин, пограничник призыва 1929 года из города Шадринска Курганской области, вышел в наряд вместе с бойцом Семеном Петровым. Едва забрезжил рассвет, пограничники обнаружили следы пятерых нарушителей, прорвавшихся в наш тыл. Вскоре они были настигнуты, завязалась перестрелка. Уже два бандита были убиты, когда упал замертво Петров. Василий забрал у сраженного товарища патроны, залег на более удобной позиции. Снова загремели выстрелы. Один против троих — не так уже страшно, ведь совсем недавно Кондюрин один преградил путь банде из тридцати человек, не дал уйти ей за кордон. Только бы удалось еще раз сменить позицию. Василий вскочил и рванулся было к бугру, но пуля настигла пограничника..Не сразу решились басмачи приблизиться к истекавшему кровью Кондюрину. И лишь когда убедились, что он не в силах поднять винтовку, подошли к нему и стали глумиться над смертельно раненным комсомольцем.. Расплата наступила скоро. Прибывшие к месту схватки пограничники уничтожили бандитов. 30 апреля 1965 года имя Василия Кондюрина присвоено заставе, на которой он служил.» деген, «В 1930 году пограничник Василий Кондюрин вместе с помощником перекрыли путь лазутчикам из-за кордона. Сражаясь с нарушителями границы, оба погибли. В память командира отделения Кондюрина В.В., застава, на которой он служил, была названа его именем». (А.А.Герасимов, руководитель шадринской рабочей группы по подготовке Книги памяти) деген сияқты өтірік ойдан шығарылған деректер жазылды.
Қазіргі күнге дейін жауыз Кондюрин В.В. өз елінде батыр ретінде дәріптелуде. Өткен жылдың 22 желтоқсанында жерлестері оны еске алуға арналған шаңғы жарысынан турнир өткізіпті. Тіпті Шадринск қаласында жауынгер-шекарашылардың Кондюрин атындағы қоғамдық ұйымы бар көрінеді.
Ал, енді біздікі не сорым десеңші! Надандық па, жоқ әлде топастық па? Тәуелсіздігімізді алып, ағарып таңымыз атқалы ширек ғасырға таяп келеді. Совет Одағы тұсында жалтаңкөз болдық, мүсәпір болдық, орыстардың айтқандарына көніп, айдауында жүрдік, ал қазіргіміз не? Үн жоқ, түн жоқ, отырмыз. Өткен жылы Парламент депутаты Н.Сабильянов аймақтағы жұртшылықпен жүздескенде Кондюрин атындағы заставаның атын өзгерту туралы мәселе көтерілген көрінеді, алайда бұқаралық ақпарат қөздері депутаттың кездесулерін жарыса жазғанымен, бұл мәселе туралы ләм-мим деп ауыздарын ашқан жоқ.
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласының орталық көшелерінің бірі қандықол Кондюриннің атында!
Ол аз болғандай, Кондюриннің аты дербес мемлекетіміздің шекарашылар тарихына алтын әріппен жазылған көрінеді. Қазақстан Республикасының Шекара қызметінің shekara.kz сайтын ашсаңыз: «Қаруланған шекара бұзушыларымен және контрабандашылармен болған үздіксіз айқастарда, жауынгерлер мен командирлердің қызметтік шеберлігі артты, шекара әскерлерінің жақсы дәстүрлері қалыптасты. Өз Отанына шын берілгендік, әскери антқа берілгендік, шекара күзеті міндеттерін орындау кезіндегі табандылық пен ерлік солардың негізгілері болып табылады. Осы бір қиын да қатаң жылдарда бірінші батыр-шекарашылар пайда болды. Атап айтқанда: Антон Онопко, Григорий Мезенцев, Василий Кондюрин сияқты батыр-шекарашылардың аттары шекара заставаларының атауларында мәңгілікке сақталды» дегенді оқисыз. Жансауғалап жосылған қорғансыз жұртты қынадай қырған «батыр шекарашыларды» аталған сайт былайша әспеттей түседі:
"ОЛАРДЫҢ АТТАРЫМЕН БЕКЕТТЕР АТАЛДЫ:
ВАСИЛИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ КОНДЮРИН
1931 жылғы 8 маусымда, шекаралық нарядта бола отырып, бес қарулы бандитпен ұрысқа кірісті. Осы ұрыста қатты жараланды. Бандиттер оның денесін қорлады. 1965 жылғы 30 сәуірде Василий Васильевич Кондюриннің аты Зайсан шекара отрядының шекара заставасына берілді.
ГРИГОРИЙ ФЕДОРОВИЧ МЕЗЕНЦЕВ
1930 жылдың 11 наурызынан 12 наурызға қараған түнінде ерлік жасады. Заставаға шекара шебін бұзып өткен банда туралы хабар келіп түсті. Алдыңғы шолғында бола отырып, ол бандиттердің тобымен тең емес айқасқа түсті. Бұл ұрыста Мезенцев қаза болды. 1965 жылы Григорий Федорович Мезенцевтің аты Мақаншы шекара отрядының шекара заставасына берілді.
СЕВАСТЬЯН СЕРГЕЕВИЧ КРИВОШЕИН
1932 жылдың 19 шілдесінде торуылда бола отырып, шекара шебін асу арқылы бұзып өтуге әрекет жасаған 30 бандитпен айқасқа түсті. Жаудың оғы шекарашы жүрегін тесіп өтті. Жау өткен жоқ. 1968 жылы батыр Севастьян Сергеевич Кривошеиннің аты Үшарал шекара отрядының заставасына берілді".
Бүгінгі көзі ашық, көкірегі ояу адам үшін, Кондюрин, Мезенцев, Кривошеиндердің «бандысы» - қолында қаруы жоқ қазақтар екені айдан анық.
«Экспресс К» газетінің 03.05.2007 жылғы №76 (16224) санынан Андрей Кратенконың Зайсан шекара отряды туралы мақаласынан: «Майор Серик Камышев знакомит с историей отряда, который образовался 23 февраля 1924 года. Некоторым постройкам больше века. В бывшей казачьей церкви расположен клуб, в казачьем казино - медсанчасть. При разборе старого здания штаба найден медальон, который в качестве талисмана носили казаки, охранявшие рубежи Российской империи. В музее мы увидели фотографию первого командира отряда Дмитрия Бадейнова и узнали о подвиге пограничника Кондюрина. Вместе с нами в гости к пограничникам приехали школьники из села Даирово» деген жолдарды оқып, жас ұрпағымызға Кондюринді үлгі етіп тәрбиелесек жетіскен екенбіз деген ойға қаласың. Дайыр ауылынан барған жеткіншектер қандай өнеге, қандай тәлім алды? Біздің қатарымыздың миы уланғанмен, өсіп келе жатқан жас ұрпақ өз халқының өткенін екшеп, оң-солын тани білуі керек қой.
Шекара бекеттеріміздің сол өңірді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жаудан азат етіп, ұрпағына табыс еткен түмен басы Қаракерей Қабанбай, мыңбасы Би Боранбай сияқты қол бастаған батырларымыздың аттарымен аталмай, Кондюрин сияқты қанішер жауыздардың атымен аталуы қазақ деген атымызға, намысымызға ұят, сүйекке таңба, аруақ алдында үшін кешірілмес күнә. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті халықтың пікірін ескере отырып, аталған шекара бекетін қайта атау туралы мәселені шешетін кез жетті.
Abai.kz