Сейсенбі, 1 Сәуір 2025
Дабыл 1854 1 пікір 1 Қазан, 2024 сағат 12:24

Балаларды суицидке итермелейтін 15 мың сайт бұғатталды

Фото: Kazinform

Бас прокурор Берік Асылов кейінгі кезде балалардың өзіне-өзі қол жұмсау дерегі көбейгеніне қатысты пікір білдірді.

«Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды. Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Жалпы, әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттауға қол жеткізді», - деп жазды «Х» әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ, қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс істеліп жатқанын атап өтті. Мемлекеттік органдармен суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешені әзірленеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 227
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 286
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 269
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 191