Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Билік 1149 0 пікір 4 Қазан, 2024 сағат 14:14

Астанада волонтерлік қозғалыстардың слеті өтті

Суреттер ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен алынды.

Астанада АӨСШК Жастар кеңесінің мұрындық болуымен ұйымдастырылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне (АӨСШК) мүше елдердің волонтерлік қозғалыстары көшбасшыларының слеті өтті.

Жиынға Қырғызстан, Ресей, Шри-Ланка, Қытай, Өзбекстан, Әзербайжан, Иран, Таиланд, Тәжікстан, Бахрейн және т.б. сияқты 21 елден 450-ден астам делегат қатысуда. Олар волонтерлік қызметтің негізгі мәселелерін және оның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі рөлін талқылады.

Слеттің бірінші күні аясында «Қоғамдағы волонтерлік қызметтің маңыздылығы: Азия елдерінің тұрақты дамуына жәрдемдесудегі волонтерлік қызметтің рөлін талқылау» тақырыбында АӨСШК Жастар кеңесінің отырысы өтті. Онда мәдениетаралық диалогқа және қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды.

Слет сессияларында «Әлеуметтік және инклюзивті волонтерлік», «Зияткерлік волонтерлік: инновациялық тәсілдер және халықаралық тәжірибе», «Денсаулық сақтау саласындағы волонтерлердің рөлі», «Төтенше жағдайлардағы волонтерлік қызмет», сондай-ақ «Волонтерлердің экологиялық проблемаларды шешуге қосқан үлесі» тақырыптары талқыланды.

Бірінші күннің қорытындысы бойынша қатысушылар АӨСШК кеңістігінде волонтерлік қызметті дамыту бойынша бірлескен ұсынымдар әзірлеуге кірісті. Іс-шара 4 қазанда жалғасады. Онда қатысушылар ынтымақтастықты кеңейту және волонтерлік қызметте тәжірибе алмасу бойынша алдағы қадамдарды талқылайды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048