Сейсенбі, 12 Қараша 2024
Билік 801 0 пікір 8 Қазан, 2024 сағат 12:20

Бектенов: Көмір сатып алуда қиындық болмауы керек!

Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысы барысында өңірлерге коммуналдық және тұрмыстық көмір жеткізу мәселесіне ерекше назар аударылды.

«Көмірді вагондармен тасымалдауға басымдық беру қажет. Тұрғындар көмірді тұрақты бағамен сатып алуы үшін ешқандай қиындықтар болмауы керек», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Өңір әкімдері мен өнеркәсіп және көлік министрліктерінің алдына тиісті міндет қойылды.

Сонымен қатар Үкімет басшысы энергетика министрлігіне ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, жылу және электр энергетикасы бойынша «тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде инвестициялық міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуді тапсырды. Бұдан әрі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп – жылу және энергия кәсіпорындарында табиғи монополиялар субъектілерінің осы міндеттемелердің орындалуын бақылау шараларын өзектендіру қажет.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1226
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2940
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3239