Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Әріптестің әңгімесі 1323 0 пікір 8 Қазан, 2024 сағат 15:32

ОА наразы: Ресей саясаты репрессивті әрі әділетсіз!

Коллаж: Mezgil.kz

Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан дипломатиялық арналар арқылы Ресейге наразылық білдіріп жатыр. Неге дейсіз ғой, аталған елдердің азаматтарына (еңбек мигранттары) қатысты Кремль жүргізіп отырған саясатқа! Бұл туралы Mezgil.kz ақпараттық порталы жазды. 

Ресей билігі, соның ішінде Мемлекеттік Дума ОА елдерінен, соның ішінде Тәжікстан, Қырғызстан мен Өзбекстаннан барып жұмыс жасап жатқан еңбек мигранттарына қатысты жаңа заңдар қабылдап, талаптарды күшейтуде. Соның ішінде, орыс тілі мен тарихын білу, емтихан тапсыру, Ресей аумағынан отбасы мүшелерін әкелмеу т.б. шектеулер мен РФ күштік құрылымдары тарапынан Ресейде жүрген мигранттарды жөн-жосықсыз тергеп-тексеру секілді шаралар қабылдануда.

«Бұл өз кезегінде ОА елдері мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты салқындатуға және Ресейдің Орталық Азиядағы рөлін азайтуға, соның ішінде ОА назарын Қытайға, Түркияға және АҚШ-қа бұруға әкеліп соғуы да әбден ықтимал. Ресей президенті Путин бұл жерде Кремльдің тарихи байланыстарын бұзып, кінәсін мойындамайды», - дейді Ташкенттің ресми тұлғалар.

Расымен де, Ресей таяу болашақта Орталық Азия елдеріндегі ерекше рөлінен мүлдем айрылуы мүмкін. Бұған себеп: Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан биліктері Ресейдегі өз азаматтарына қарсы дұшпандық әрекуеттер туралы жиі мәлімдеп келеді.

«Ресейдің саясаты сындарлы емес, бұның ақыр соңы Орталық Азия елдерімен байланыстарының шапшаң өзгеруіне бастап алып келеді. Путин мен Кремль өз міндеттемелерін орындамайды», - дейді Өзбекстан үкіметіндегілер.

«Осыған дейін Өзбекстан Президентінің кеңесшісі Ресей билігінің өзбек азаматтарына қатысты сындарлы емес әрекеттеріне алаңдаушылық білдірді. Ресейдің саясаты мүлдем репрессивті және әділетсіз деп есепетйді. Душанбеде де Кремльдің саясатына теріс көзқарас бар. Тәжікстан енді Ресейге бағдар ұстанбайды. Енді олар, Қытай мен Түркияға бет бұратын болады. Ал Анкара Қырғызстанмен байланыста Ресейді алмастыра бастады», - деп жазады «Union Turan» сарапшылары.

ОА-ҒА КІМДЕР ТАЛАСУДА: ҚАНДАЙ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛУДА?

Ресей билігі Украинаға қарсы соғыс бастағаннан кейін, өркениетті әлем тарапынан шетқақпайға тап келді. Дөге-дөге санкция, мая-мая шектеулер Ресейдің тікелей өзіне ғана емес, оның Орталық Азиядағы тамырларына да ықпал ете бастады. ОА-дағы саяси-экономикалық ықпалынан бірте-бірте айырылып келе жатқан Ресейдің орнын басуға құштар елдер де аз емес. ОА5+1 форматы бойынша ықпалдастық қатынастар жасауға ұмтылғандар қатарында: АҚШ, Қытай, Түркия, Германия, Франция, ЕО, Үндістан мен Пәкістан т.б. бар.

Біз бүгін осылардың ішіндегі ең ауқымды деген 2 жобаға тоқталғанды жөн санадық. Олар:

«Бір жол – бір белдеу»: Ресейдің Орталық Азиядағы әлсіреген позициясын Қытай басуы мүмкін деген жолжам көп айтылады. Ол үшін Қытайда дайын инструмент те жоқ емес. Ол – Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» жобасы. Бұл жоба 2013 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді және 2022 жылы жоба бюджеті 1 трлн доллар болатыны айтылды.

«Жаһандық қақпалар» стратегиясы: Ал еуропалық «Жаһандық қақпалар» стратегиясы 2021 жылы ғана іске қосылды және 2027 жылға қарай оның бюджеті 300 миллиард долларға дейін ғана жетпек.

«Жаһандық қақпа» дамушы елдердегі, атап айтқанда цифрлық технологиялар, климаттың өзгеруі және энергетика, көлік, денсаулық сақтау, білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы жобаларға инвестициялаудың бес басым бағытына ие.

Жобаға бастапқыда 300 миллиард еуро бөлу жоспарланған. Африка елдері көрсетілген қаражаттың жартысын (150 млрд еуро) алуы тиіс, бұл туралы 2022 жылғы ақпанда ЕО мен Африка одағының саммиті кезінде айтылды. Қалған қаражат Азия, Латын Америкасы, Кариб бассейні, Батыс Балқан елдеріндегі жобалар үшін және Украинаны қалпына келтіру үшін көзделген.

Қытай және еуропалық бастамалар кешенді стратегиялық даму жоспарлары болып табылып,, оның шеңберінде инфрақұрылымдық-логистикалық жобалар өңірлерді ықпалдастырудың бағдарламалық бағыттарының бір бөлігі болып саналады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963