Цифрлық білім беру: Бастауыш мұғалімінің мәдениеті
Цифрлық білім беру ортасындағы бастауыш сынып мұғалімінің коммуникациялық мәдениеті
Қазіргі қоғам біздің өміріміздің әртүрлі салаларына енетін цифрлық технологиялардың қарқынды дамуымен бетпе-бет келеді. Мақала цифрлық ортада білім алушылардың алдында тұрған этикалық сын-қатерлерді анықтауға, сондай-ақ білім беруді цифрландыру контекстінде педагогтарды кәсіби даярлауға қойылатын қазіргі заманғы талаптарды талдауға бағытталған. Сондай-ақ, білім алушылардың оң сандық мінез-құлқын қалыптастыруға және мұғалімдер арасында сәйкес құзыреттіліктерді дамытуға әсер ететін негізгі аспектілерді талдау мен жетілдіруге арналады. Мақалада цифрлық мәдениет пен этикетті дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар ұсынылады. Желідегі ақпаратпен өзара әрекеттесудің этикалық аспектілері, оның ішінде құпиялылық пен қауіпсіздік мәселелері қарастырылады. Нәтижелер тиімді оқыту стратегияларын әзірлеуге және білім беру мекемелерінде қауіпсіз цифрлық ортаны қамтамасыз етуге негіз бола алады.

Сурет: Автордың мұрағатынан алынды.

Сурет: Автордың мұрағатынан алынды.

Сурет: Автордың мұрағатынан алынды.
Қазіргі білім беру жүйесінде цифрлық технологияларды қолдану – заман талабы екені белгілі. Бұл бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық ісәрекеттерін белсенденіруде өзекті мәселе болып отыр. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекеттерін тек оқулықпен немесе үлестірмелі материалдармен белсендендіру оңай емес. Сол себепті сабақтарда қандайда бір цифрлық технологияны қолдануды қажет етеді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында білім беру саласында бұл мәселеге үлкен мән берілуде. Бұл технологиялар бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық ісәрекеттерін белсендендіріп, олардың танымдық қызығушылығын арттырып, заманауи дағдыларды меңгеруіне ықпал етеді.
Бастауыш сынып оқушылары үшін оқу процесі қызықты әрі нәтижелі болуы керек. Олар үшін білімді тек меңгеру ғана емес, оны өмірде қолдануға үйрету маңызды. Цифрлық технологиялар, соның ішінде интерактивті тақталар, виртуалды шындық құралдары және арнайы платформалар (Bilimland, Quizlet, Кahoot, ЖИ (жасанды интеллект) және т.б.) оқыту әдістерін жаңғыртуға көмек береді.
Бастауыш сынып кезеңі – баланың оқу дағдылары қалыптастып, білімге қызығушылығы артып, дүниетанымы кеңейетін маңызды кезең. Бұл жас
шамасында оқушылардың оқу белсенділігі мен танымдық қызығушылығы олардың оқу жетістіктеріне тікелей әсер етеді. Белгілі психологтар мен педагогтердің зерттеулері (Пиаже, Выготский) бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерінің психологиялық ерекшеліктеріне мән беріп, олардың жас ерекшелігіне орай әдістемелерді қолдану қажеттігін көрсетті.

Сурет: Автордың мұрағатынан алынды.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекеті олардың жас ерекшеліктерімен, психологиялық және физиологиялық дамуымен тығыз байланысты. Бұл кезеңдегі оқушылардың танымдық қызығушылығы жоғары болғанымен, зейіннің тұрақсыздығы, эмоциялық әсерге тәуелділігі сияқты ерекшеліктері оқу процесіне ықпал етеді. Осы тұрғыда, белгілі психолог Ж.Пиаже танымдық даму теориясында балалардың ойлау қабілеті кезеңкезеңімен дамитынын көрсетсе, Л.С.Выготскийдің «жақын даму аймағы» тұжырымдамасы оқушылардың қабілетін қабілетін белсендендіру үшін сыртқы қолдаудың маңызды екенін атап өткен. Бұл – мұғалімнің рөлі оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін ұйымдастырушы ретінде ерекше маңызға ие екенін көрсетеді. Ал, Д.Б.Эльконин және В.В.Давыдов оқу іс-әрекетін оқу міндеттері, оқу әрекеттері, өзіндік бақылау және өзіндік бағалау сияқты бірнеше компоненттердің бірлігі ретінде қарастырады. Осы орайда баланың оқуға қызығушылығының жоғалу себебінің негізгісі – оқу мотивациясының төмендеуі. Ал оқу мотивациясын оқу іс-әрекетінде әр түрлі цифрлық технологияларды қолдану барысында жоғарлатуға болады.
Тіпті, Ж.Қараев өз еңбектерінде компьютерлік технологияларды қолдану оқушылардың танымдық әрекеттерін белсенденіруге ықпал ететінін алға тартса, С.Қараев оқу икемділіктерін дамытуға жол ашатынын көрсеткен .
Цифрлық технологиялар білім беру процесіне жаңа мүмкіндіктер алып келді. Олар оқушылардың мотивациясын арттырып, ақпаратты қабылдау және оны қолдану әдістерін жақсартады.
Цифрлық технологиялардың келесідей негізгі артықшылықтары бар:
- ақпараттың қолжетімділігі: Цифрлық құралдар кез-келген уақытта білім алуға мүмкіндік береді. Оқушылар сабақтан тыс уақытта да қосымшаларды пайдаланып, тақырыптарды қайталап, бекіте алады;
- көрнекілік: Интерактивті тақталар, анимациялар, бейнематериалдар ақпаратты көзбен көруге мүмкіндік беріп, түсінікті етеді;
- дербестендіру: Әр оқушы өзінің оқу қарқыны мен деңгейіне сәйкес білім алады;
- қызығушылықты арттыру: Ойын түріндегі тапсырмалар мен интерактивті викториналар оқушылардың сабаққа деген ынтасын күшейтеді.
Келесі цифрлық технологиялардың практикадағы әсеріне тоқталсақ:
- мультимедиалық материалдар: бстауыш сынып оқушыларына түсінікті етіп жасалған анимациялар мен бейнероликтер қиын тақырыптарды меңгеруді жеңілдетеді. Мысалы, Bilimland, ЖИ (жасанды интеллект) платформаларындағы анимациялар оқушыларға математика немесе қазақ тіліндегі ережелерді тез меңгеруге көмектеседі.
- виртуалды және толықтырылған шындық: Google Expeditions қосымшасы арқылы оқушыларға жаратылыстану, дүниетану сабақтарында түсіндіру оңай әрі қызықты. Мысалы, «жануарлар әлемі» тақырыбында толықтырылған шындықты қолдану – оқушылардың елестету қабілетін дамытады.
Бастауыш сынып оқушылары үшін цифрлық технологияларды қолдану әдістері әр пәннің ерекшелігіне сәйкес өзгеріп отырады. Төменде бастауыш сынып оқушыларына оқытылатын пәндер бойынша бірнеше мысалдар келтірілген.
1. Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу:
- интерактивті жаттығулар: Оқушыларға сөз тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс құрастыруға арналған мобильді қосымшалар (мысалы, Quizlet);
- дыбыстық оқыту құралдары: Дыбыс жазу мен тыңдауға арналған құралдар (мысалы, Speechify) оқушылардың дұрыс сөйлеу және тыңдау дағдыларын жетілдіреді.
2. Математика:
- AR құралдары: Геометриялық фигураларды түсіндіру кезінде AR қосымшаларды пайдалану;
- интерактивті викториналар: Kahoot арқылы есептерді қызықты жарыс түрінде шешу.
Цифрлық технологияларды қолданудың артықшылықтарымен қатар қиындықтары да бар.
Мынадай артықшылықтарын атап өтуге болады. Олар: танымдық ісәрекетті белсенді ету; шығармашылық қабілеттерді дамыту; жылдам кері байланыс беру.
- Эксперименттік топ (25 оқушы): Оқушылардың оқу үдерісінде цифрлық технологиялар белсенді түрде қолданылды (мысалы, Bilimland, Kahoot).
- Бақылау тобы (25 оқушы): Оқу дәстүрлі әдістермен (оқулық, дәптер, ауызша түсіндіру) жүргізілді.
Осы топтар бірдей сыныптардан алынды және олардың бастапқы білім деңгейі шамалас болды. Эксперимент алты апта бойы жалғасты, және әр аптада екі пән бойынша жұмыс жүргізілді:
1. Қазақ тілі: Ережелерді түсіндіру, оқылым және жазылым дағдыларын дамыту.
2. Математика: Есептер шығару, геометриялық фигураларды тану және талдау.
Эксперимент барысында қолданылған цифрлық технологиялар:
1. Bilimland платформасы:
Бұл платформа интерактивті бейнематериалдар мен анимациялық сабақтарды ұсынды. Қазақ тілі сабағында ережелер мен мәтіндерді көрнекі түрде түсіндіру үшін қолданылды.
2. Kahoot платформасы:
Математика сабағында викториналар мен жарыстар ұйымдастыру үшін пайдаланылды. Оқушылар есептерді топпен немесе жеке шешіп, нәтижелері бойынша жылдам кері байланыс алды.
Мәліметтер сауалнама, тестілеу арқылы жинақталды. Бірінші әдіс – сауалнама жүргізілді. Зерттеудің басында және соңында оқушылардан сабаққа деген қызығушылығы мен цифрлық технологияларға көзқарасын анықтау үшін сауалнама алынды. Мысалы:
- «Сабақ қызықты болды ма?»
- «Цифрлық технологиялар арқылы жаңа тақырыпты тез түсіндің бе?»
- «Цифрлық құралдар қолданылған сабақ ұнады ма?»
Екінші әдіс – тестілеу. Қазақ тілі бойынша: Сөздік қоры, оқылым жылдамдығы және ережелерді қолдану қабілеті тексерілді. Математика бойынша: Жай есептер мен күрделі тапсырмаларды шешу уақыты және дәлдігі бағаланды.
Үшінші әдіс – бақылау жүргізілді. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігін мұғалімдер күнделікті бақылап, арнайы кестеге белгілеп отырды.

Кесте 1. Тест нәтижелері бойынша білім сапасы Сауалнама нәтижелері:
- Эксперименттік топ оқушыларының 90%-ы цифрлық технологияларды қолдану сабаққа қызығушылықты арттырғанын айтты.
- Бақылау тобындағы оқушылардың 65%-ы сабақтардың дәстүрлі форматта өтуі бірқалыпты екенін атап өтті.
Белсенділік көрсеткіші:
- Эксперименттік топ оқушыларының 85%-ы сабақ барысында қол көтеріп, жауап беруге және тапсырмаларды орындауға белсенді қатысқан.
- Бақылау тобындағы белсенділік 65% деңгейінде қалды.
Таңдаған мәліметтер негізінде цифрлық технологиялар қолданылған сабақтар оқушылардың қызығушылығын, танымдық белсенділігін және білім сапасын едәуір арттырғанын көрсетті.
Бұл зерттеу нәтижелері цифрлық технологиялардың бастауыш сынып оқушыларына оң әсер ететінін дәлелдеді және осы әдістерді кеңінен қолдану ұсынылады.

Сурет: Автордың мұрағатынан алынды.
Сонымен цифрлық технологияларды пайдалану білім алушылардың келесідей құзыреттіліктерін дамытады: тапырмаларды іріктеу; білім алушыларды танымдық қызығушылықтарын арттыру; оқытуды жекешелендіру; оқытуда көрнекілікті пайдалану; кері байланысты жүзеге асыру; нәтижеге бағытталған оқыту және т.б. Цифрлық технологиялар бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық белсенділігін арттырудың тиімді құралы болып табылады. Олар білімді меңгеруді жеңілдетіп қана қоймай, оқушылардың шығармашылық ойлауын және дербес жұмыс істеу қабілеттерін дамытады. Қазақстанның білім беру жүйесінде цифрлық құралдарды кеңінен қолдану оқыту сапасын арттыруға, сондай-ақ жаңа әдістемелік тәсілдерді енгізуге мүмкіндік береді.

Сурет: Автордың мұрағатынан алынды.
Мұсабева Ақерке Тажібайқызы,
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу Университеті колледжі, Арнайы пән оқытушысы
Abai.kz