Сенбі, 9 Қараша 2024
Анық-қанығы 1066 6 пікір 9 Қазан, 2024 сағат 14:53

Ауыс-түйіс: Ұлытаудың жаңа әкімі кім?

Суреттер madeniportal.kz және primeminister.kz сайттарынан алынды.

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды, жаңа әкім кім?

Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі болып 2022 жылдың 11 маусымында тағайындалған еді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының жаңа әкімін тағайындады. Бұл қызметке Дастан Рыспеков лайықты деп танылды.

Тиісті құжатты Ақорданың баспасөз қызметі 2024 жылғы 9 қазанда жариялады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды», - деп жазылған ресми құжатта.

Рыспеков Дастан 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және ҚазМЗУ Алматы заң академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы Экономика және бюджетті жоспарлау департаменті түсімдерді болжау бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1134
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2363
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 2378