Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Қоғам 2078 4 пікір 11 Қазан, 2024 сағат 15:00

Жанар-жағармайды елден шығаруға тыйым салынады

Фото; ғаламтордан

Ішкі нарықта жанар-жағармай тапшылығын болдырмау мақсатында Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін темір жол көлігімен экспорттауға тыйым салуды жоспарлап отыр.

Мұнай өнімдерін автомобиль және теміржол арқылы елден әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салу көзделген.

Қазір ЖЖМ тұтынудың әдеттен тыс ұлғаюы және ішкі нарықта қалған өнімнің азаюы байқалады. Атап айтқанда, Қазақстанның оңтүстік шекаралас аймақтарында айтарлықтай өсім байқалады. Бұл жағдай Қазақстан Республикасында және шекаралас елдердегі мұнай өнімдері бағасы арасындағы айырмашылығымен байланысты, осының салдарынан өнім шекаралас елдерге әкетіліп жатыр, – делінген министрлік хабарламасында.

Бұл тыйым ЕАЭО елдеріне де қатысты.

Мұндай шешімге келуге жанар-жағармайды тұтынудың шамадан тыс ұлғаюы және ішкі нарықта қалған өнімнің азаюы себеп болған.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 625
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2638
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2444
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1524