Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 1004 0 пікір 28 Қазан, 2024 сағат 14:08

Ұлытау облысы: 218 млн теңге мемлекетке қайтарылды

Фото: Gov.kz

Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жоғарылатылған баға бойынша құрылыс жұмыстары қабылданғаны анықталды. Бұл туралы Ұлытау облысының прокуратурасы мәлім етті.

«Прокурорлық тексеру нәтижесінде негізсіз төленген бюджет қаражатының сомасы 218 млн теңгені құрады. Прокурорлық ден қою шараларымен бұзушылықтар жойылды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы басшысы абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан немқұрайлылық үшін Қылмыстық кодекстің 372-бабы бойынша жауапқа тартылды», — делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда аталған сома мемлекет кірісіне өз еркімен қайтарылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1453
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5257